» » Бес қабатты тұрғын үй өртеніп, 35 адам эвакуацияланды

Бес қабатты тұрғын үй өртеніп, 35 адам эвакуацияланды

Атырауда 4 қаңтар күні сағат 10:43-те «101» пультіне Датов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер өртеніп жатқанын анықтаған. 
«Өрт сөндіру қызметі оқиға орнынан 35 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Бесінші қабаттағы пәтерден 1981 жылғы ер адам автобаспалдақ көмегімен құтқарылды», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Өрт сөндіруге 10 адам мен 3 техника жұмылдырылды. 
05 қаңтар 2020 ж. 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031