» » Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйден ана мен 2 баланың мәйіті табылды

Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйден ана мен 2 баланың мәйіті табылды

Қайғылы оқиға қала сыртындағы Жұмысшы ауылында жеке үйде болған. Петропавлда жаңа жылдың бірінші күнінде жас отбасының мүшелері қаза тапты - әйел мен оның екі баласы. Бұл туралы Петропавловск.news басылымына Skifnews.kz ақпарат порталы сілтеме жасап хабарлайды. 
Қайғылы оқиға қала сыртындағы Жұмысшы ауылында жеке үйде болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үйдің ішін түтін жайлағанын, алайда ашық өрт болмағанын анықтаған.  
"Үйден 1991 жылғы әйелдің және 2016 және 2018 жылғы балалардың мәйіті табылған. Отбасы өртенген затқа уланған. Жиһаз бен тұрмыстық техника өртеніп кеткен. Өрт аумағы - сегіз шаршы метр", - деді Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өкілі Евгений Журавлев. 
Алдын ала болжаммен өрттің шығуына сымдардың қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Нақты себепті мамандар айтатын болады. Оқиға болған үйде ведомство мамандары былтыр қазан айында профилактикалық рейд барысында болып қайтқан. 
03 қаңтар 2020 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 969
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031