» » Балаларды мұзға қатырып, сатпақшы болған (видео)

Балаларды мұзға қатырып, сатпақшы болған (видео)

qarmaqshy-tany.kz Кешеден бері WhatsApp, Facebook әлеуметтік желілерінде балалардың органын саудалау туралы бейнежазба таралып жатыр. Бұл оқиға жуықта Қытайда болған деседі. Қылмыстық топтың көлігінен мұзға қатырылған баланың мәйіті табылған екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бейнежазбада баланың туыстары көз жасын көл қылып, сәбидің мәйітін мұз салынған контейнерден алып шығуда. Ал оқиға орнына жиналған куәгерлер мұндай сұмдық қылмысқа барғандарды соққыға жықты.
Бұл ақпарат лезде Қазнетте ғана емес, басқа елдерде де әлеуметтік желі арқылы таралып, жаға ұстатар жаңалыққа айналды. Тіпті кейбір ақпараттық сайттар да оны жариялауда. Алайда бұл хабар жалған ақпарат екені анықталып отыр. Бейнежазба осыдан 3 жыл бұрын ғаламтор желісінде таралған екен.
Қытай елінің сайттарында мұндай ақпарат жоқ көрінеді. Ал дәл осы видеоwww.channelnewsasia.com сайтында 2017 жылдың шілде айында жаряланыпты. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, оқиға Сингапурде болған.

04 қазан 2019 ж. 1 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 969
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031