» » Қызылордада жолда қалған 2500-ден астам жолаушыларға көмек көрсетті

Қызылордада жолда қалған 2500-ден астам жолаушыларға көмек көрсетті

Қызылордада полиция қызметкерлері ауа райының құбылуына байланысты жолда қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соңғы күндерде Қызылорда облысында ауа райы күрт құбылып, қатты жел соқты. Кешке нөсер жаңбыр жауып, арты қарға ұласты. Жол үстінде мұздың қатуына байланысты Арал ауданының «Самара-Шымкент» автожолының 1 343 шақырымында жол қозғалысы шектелді. Бұл аумақта жолдың үстіндегі көріну жағдайы төмен болды. Соған байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» мекемесімен бірлесіп күшейтілген кезекшілік ұйымдастырды. Тиісті сала мамандары тәулік бойы патрульдік және бақылау жұмыстарын жүргізді.
«Нәтижесінде мамандар 1 мыңға жуық көлікте болған 2 500-ден астам жолаушы мен жүргізушіге көмек көрсетті. Көктайғақта жол жиегіне шығып кеткен автокөліктерге жедел көмек көрсетілді. Сондай-ақ, тасжолда әртүрлі техникалық ақауларға байланысты тұрып қалған автокөліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына алғашқы көмек жасалды. Осылайша дер кезінде көмек көрсету нәтижесінде бүгін сағат 08:30-дан бастап жол ашылып, қозғалыс қайта жанданды», - деп мәлімдеді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
05 қараша 2019 ж. 1 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031