» » "Бастау Бизнес" дегеніміз не?

"Бастау Бизнес" дегеніміз не?

Бүгінде қазақстандықтардың көбі несие алмай-ақ, өз кәсібін ашуға қауқарлы. Оған мемлекет үлкен қолдау беріп отыр. Тұрғындарға кәсіп дөңгелетуге үлкен мүмкіндік ұсынатын жобалардың бірегейі - «Бастау бизнес». «Бастау бизнес» дегеніміз не? Жобаға кімдер қатыса алады және оның шарттары қандай?Stan.kz тілшісі Алматыдағы жобаның жетекшісімен тілдесіп бағдарлама артықшылықтары туралы, жобаның түлегімен тілдесіп, алған әсері мен қазіргі уақытта білімін қалай пайдаланып жатқаны жайлы сұрады. Осылайша, жобаның шын мәнінде берер пайдасы мен ерекшеліктері жайлы білді.

Оқыту несие және грант арқылы қаржыландырылады. Бүгінде жобаға 75 000 адамқатысып, аяқтаған, оның ішінде 20 000-ы жастар.
Бастау Бизнес» - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жемісі. Жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылуда. Осы арқылы халықты кәсіпкерлік дағдыларға оқытады. Сондай-ақ, олардың бизнес-жобаларын сүйемелдейтін бағдарлама үш бағытта жұмыс істейді: 
  •  оқыту;
  •  микрокредит беру және гранттық қаржыландыру;
  •  іске асырылған жобаларды сүйемелдеу;
Бағдарламаның операторы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.  «Атамекен» ҚР ҰКП бағдарламаның 2-ші бағытының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау операторы болып табылады.
«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша жобаның мақсаты - кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықтың экономикалық белсенділігін арттыру.
«Бастау Бизнес» жобасына жоғары сұранысты қамтамасыз еткен негізгі артықшылықтар:
- табысы төмен халықтың нақты санаттары: жұмыссыздарға;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға бағдарлану;
- оқыту, шағын қаржыландыру және сүйемелдеу құралдарын біріктіру болды.
Қаржыландыру операторы - «ҚазАгро» АҚ еншілес ұйымдары арқылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігі.
2019 жылы жобаның ауқымы екі еседен астам өсті, алғаш рет республикалық маңызы бар қалалар қамтылды. Сондай-ақ, жастар жылының ашылу салтанатында «Атамекен» ҰКП-на жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, несие, грантпен қамту және бизнес ашуға көмектесу мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы сияқты «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.
Осылайша, 2019 жылы оқыту бойынша жалпы жоспар 75 000 адамды құрады, оның ішінде 20 000 адам «Жас Кәсіпкер» жобасы бойынша қамтылды:
  •  жұмыссыз жастар (NEET санаты (білім мен еңбекпен шұғылданбай,  белсенді өмір салтынан аулақ жүрген жастар-авт.))
  •  жас отбасы мүшелері;
  • көпбалалы, аз қамтылған отбасы мүшелері;
  •  еңбекке қабілетті мүгедектер.
Сонымен қатар, 2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту бойынша қосымша көрсеткіштер 40 000 адамға ұлғайтылды.
 Шамамен 60 000 адам комиссия алдында бизнес жобаларын қорғап, 25 % жоба қатысушылары бизнесін ашты/кеңейтті, оның ішінде 6090 «Жас Кәсіпкер» жобасына қатысушылар.
Бір бизнес-жобаның орташа құны 4 миллион теңгені құрайды
2020 жылға жоспарда – 30 мың жұмыссызды оқыту жоспарда бар. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, биыл қысқа мерзімде жоба онлайн форматқа ауыстырылды. Онлайн оқыту «Atameken Academy» платформасында жүргізіледі. 1-ағынды онлайн оқыту 15 маусымда басталды. Платформада оқу мерзімі 21 күнді құрайды. Оқыту процесі сарапшылардың одан әрі тексеруі және бағалауы үшін жүйеде бизнес-жоспарларды қалыптастыруды қамтиды.
1 қазандағы жағдай бойынша онлайн оқытудың  4 ағыны іске асырылды. Оқуды 33 000 адам аяқтады (жоспар бойынша 30000).
Жобаны іске асыру қорытындылары бойынша бірқатар өңірлерде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтуді қалайтындар жоспарлы көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары. 
1 қазандағы жағдай бойынша 8879 жоба қаржыландырылды (қаржыландыру бойынша жоспарлы көрсеткіштердің 90%-ы), оның ішінде өткен жылдарға қатысушылар қатарынан 5993 жоба.
"Жоба 2015-2016 жылдары пилоттық режимде іске асқан болатын. Келер жыл  жоба іске асатын соңғы жыл екенін айта кетейік", - дейді Алматы қаласы бойынша Бастау Бизнес жобасының жетекшісі Қуанышбек Ерниязов 
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
Мемлекеттік бағдарлама болған соң, жұмыссыз азаматтарға арналған. Жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге арналған. Олар 3 жылдан бері салық органдарына тіркелген болуы керек. Бастау Бизнес жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама. Көбіне әлеуметтік осал топтарға арналған. Бастау жобасына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына барады. Ол жерде мамандар базадан тексеріп, азаматтың сәйкес не сәйкес еместігін тексереді, базаға енгізіп тіркейді. 
Бастау жобасына 18 жастан бастап зейнетке шықпаған адамдар қатыса алады. Ер азаматтар 63 жасқа дейін.
Бағдарламаны оқуға ниеттенген адам қандай талаптарға сәйкес болуы керек?
 Алматы қаласы бойынша Бастау Бизнес жобасының жетекшісі Қуанышбек Ерниязов карантинге байланысты қазір кәсібі бар азаматтар да қатыса алатын болды, дейді.
Зейнеткерлер, кәмелетке толмаған азаматтар, ресми түрде жұмыс істеп, жалақы алып жатқан азаматтар бағдарламаға қатыса алмайды. Себебі пандемияға байланысты мақсатты аудитория көбейген болады. 
"2017-2019 жылдары оффлайн режимде өтсе, биыл онлайн өтуде. 2017 жылы сексен ауданды, 2018 жылы 160 ауданды қамтыған болатынбыз. 2019 жылы республиканың барлық қалалары қамтылды. 2017-2019 жылдары 300 000 адам оқытылды. Олардың 30 пайызы өз кәсіптерін ашты. Жобаға қатысу үшін жұмыспен қамту орталығынан бағыттама алып, рұқсаттама алған соң, арнайы сайтқа кіріп жеке куәлігін жүктеп, жолдама алады", - дейді Алматы қаласы бойынша "Бастау Бизнес" жобасының жетекшісі.
Порталда қатысушылар барлық лекциялар мен тапсырмаларды орындайды. Биылғы форматта тренерлерден кеңес алу онлайн форматта өтеді. Былтыр оқу бір айға созылса, биыл оқу 21 күнге жалғасады. 
Бастау Бизнес жобасының тренерлері кімдер?
Қуанышбек Ерниязовтың айтуынша, жобаны арнайы іріктеуден өткен, жоғары білімі бар, кәсіп ашу бойынша тәжірибелі мамандар жүргізеді. 
"Бастау жобасының тренерлері арнайы іріктеуден өткен, ұстаздық пен кәсіп жүргізу жағынан тәжірибесі бар болуы міндеттеледі. Іріктеуден өтіп, тапсырмаларды орындап, соңғы сұхбаттан өткен соң бизнес тренер болып жұмыс істейді. Әр тренердің өзінің кәсібі бар, осылайша ол білімін теориялық негізде ғана емес, практикалық тұрғыда түсіндіреді", - дейді ол. 
Жоба қалай және қайда өтеді?
Былтырлары аудан, ауылдарда бір ай көлемінде оқытқан болса, қазіргі уақытта қашықтан оқыту процесі ZOOM сияқты платформалар мен әлеуметтік желілер арқылы сүйемелденген болатын, дейді Қуанышбек Ерниязов.
21 күнге жалғасатын оқуды бітірген соң, курсқа қатысушы бизнес тренермен бірлесе отырып, бизнес жоспар толтырады.
Сертификат алып, бірлескен жұмыстар арқылы жобаға қаржылай қолдау қорларынан жеңілдетілген шарттармен несие ала алады. 20 миллионға дейін несие алуға немесе 555 600 теңге болатын грант ұтып ала алады. 
Кәсіпкерлер басқармасынан 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант алуға толық мүмкіндік бар. Минималды құжат пакетін өткізіп, жобаларын қорғап, кәсібін бастай алады немесе несие ала алады.
Жоба маманы тренерлер қатысушыларды курс біткен соң да 12 ай бойы қолдап, кеңестерін беріп отыратынын айтады.
"Сүйемелдеу жайлы айтатын болсақ, сабақ барысында 12 модуль бойынша, оның ішінде психология, кәсіпкерлік негіздері, салық түрлері, маркетинг сияқты салалар қарастырылған. Сабақ аяқталған соң біздің тренерлар оларды 12 ай бойы сүйемелдейді. Консультацияны желілер арқылы немесе телефон қоңырауы арқылы алуға болады. Республика бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан салық есептеріне қатысты, бизнес жоспар дайындауға қатысты кеңестерді тегін ала алады", - дейді жоба маманы.
Бастау Бизнес жобасының 2019 жылғы қатысушысы Ардақ Дүзелбайқызы бұл бағдарлама арқылы шағын бизнесін ашуға мүмкіндік алғанын айтады.
"Инстаграм желісі арқылы осы жоба жайлы білдім. 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында оқып бітірдім. Біз сияқты үйде отырған, жұмыссыз жастарға сүйіп істейтін жұмысты табуға, бастауға көмектеседі. Біреуге емес, өзіңе қызмет ету - курстың басты артықшылығы деп ойлаймын", - дейді жоба түлегі.
Айтуынша, курстан алған білімін өзінің сүйікті ісіне арнаған. 
"Қазіргі уақытта тігін машинасымен түрлі суреттер, есімдер салумен айналысамын. Алған білімімді осы салада қолданып жатырмын", - дейді ол. 
Ардақ Дүзелбайқызы өздеріне барлық жағдай жасалғанын айтады.
"Бірінші ағынмен оқыған қатысушы ретінде оффлайн оқу кезінде көңіл көтеріп те, оқу оқып та үлгердік. Қатысушылардың көңілін аулап, тауға шығарып тимбилдингтер ұйымдастырды. Қазіргі қатысушылар онлайн оқып жатқандықтан, оларда қиындықтар болуы мүмкін", - дейді ол. 
Грант алуға келгенде барлық қатысушы құжаттарын тапсырып көруге міндетті, дейді Ардақ Дүзелбайқызы.
"Әркімнің өз қолында ұтсаң да, ұтпасаң да құжаттарды тапсыру қажет. Осылайша, грантты ұтып алды.
Бірінші ағында бізге бар күш-жігерін салған Жайлыбаева Айнұр әрқайсысын жеке тұлға ретінде қарап, барлығымызды алып жүрді. Грант ұтып алуымызға бар көмегін салды. Спикерлер көп келді. Өз бизнесін бастаған. Әрқайсысы жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Түсіндіру методикалары өте жақсы, - деп қорытындылады ол. 
20 қараша 2020 ж. 4 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031