» » Жаңа оқу жылында мемлекеттік көмекті кімдер алады?

Жаңа оқу жылында мемлекеттік көмекті кімдер алады?

Жаңа оқу жылына балаларды мектепке дайындау кезінде мемлекеттік көмекті кімдер ала алатыны айтылды. Ол туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова әкімдікте өткен онлайн брифингте айтып берді.

Елордада жаңа оқу жылы қарсаңында балаларды мектепке дайындау, оның ішінде әлеуметтік осал топтағы оқушыларға қолдау көрсету іс-шаралары басталды. Жалпыға міндетті білім беру аясында әлеуметтік осал топтағы мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетіледі. Жалпыға міндетті орта білім беру қоры шеңберінде киім, аяқ киім, қажетті оқу құралдарын сатып алу, оқу орнында тамақтану, мектептегі мәдени, бұқаралық және спорттық шараларға қатысу қамтамасыз етіледі, - деді Шолпан Қадырова.
Мемлекеттік көмекті алуға кімдер құқылы:

- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы бар отбасы балалары;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкеріс деңгейінен төмен отбасы балалары;
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасы балалары;
- Білім беру ұйымының, қала орғаны айқындайтын өзге де санатқа жататын балалар.

Жалпыға міндетті орта білім беру қорынан киім-кешек, аяқ-киім және оқу құралдары сатып алынады.

BAQ.KZ
17 тамыз 2020 ж. 763 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 225

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 331

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930