» » Соңғы қоңырау, аттестат табыстау және балабақшаларға қатысты нақты ақпарат

Соңғы қоңырау, аттестат табыстау және балабақшаларға қатысты нақты ақпарат

Нұр-Сұлтан қалалық басқармасының басшысы Шолпан Қадырова соңғы қоңырау іс-шарасы, атестат табыстау және бала-бақшалардың жұмысына қатысты түсініктеме берді.

25 мамырда 1-10 сыныптарға онлайн түрде соңғы қоңырау болады. 3 маусымда мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімі мектеп ауласында өткізіледі. Ал балабақшалар қазіргідей "кезекші топ" режимінде жұмысын жалғастырады, - дейді Нұр-Сұлтан қалалық басқармасының басшысы Шолпан Қадырова. 
25 мамырда сағат 11.00-де телеарналар арқылы ҚР білім және ғылым министрі Астхат Аймағамбетов түлектерді құттықтайды. Сонымен қатар, сол күні барлық мектептерде мүмкіндігінше ата-аналардың, қамқорлық кеңес мүшелерінің, бизнес өкілдерінің, мектепті үздік бітірген бұрынғы түлектердің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн түрде соңғы қоңырау өткізіледі. 
Оның айтуынша, 3 маусым күні барлық мектептерде 11 сынып түлектері үшін аттестат пен "Алтын белгіні" тапсыру рәсімі ұйымдастырылады.

Іс-шара мектеп аумағында, ашық аспан астында өткізіледі. Мектеп бітірушілердің мектеп формасымен қатысуы қатаң түрде ескертіледі. Салтанатты рәсімнен кейін "Түлектер аллеясында" ағаш отырғызу жоспарлануда. Бітіру іс-шараларын өткізу күндері мектеп әкімшілігіне құқық бұзушылыққа жол бермеу, санитарлық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтау шаралары жүктелді,- дейді Шолпан Қадырова.
18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша "кезекші топтар" режимінде қайта бастады. 

Айта кетейік, елордада жалпы контингенті 55 708 баланы құрайтын, түрлі типтегі 377 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде: мемлекеттік – 94, жекеменшік – 237, олардың 214-де мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған, 43 шағын орталық, 3 ведомстволық мекеме бар. Орта білім беру ұйымдарының мектепалды топтарында 3 485 бала оқиды.

BAQ.KZ
24 мамыр 2020 ж. 1 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 796
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 498

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930