» » Биылғы соңғы қоңырауға ата-аналар қатыспайды

Биылғы соңғы қоңырауға ата-аналар қатыспайды


Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова соңғы қоңырауды өткізу тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі

«11-сынып түлектеріне аттестатты 3-4 маусымда тапсыру туралы шешім қабылданды. Жыл сайын аталған іс-шара маусымның ортасында өткізілетін. Түлектерге арналған қорытынды аттестацияның болмауына байланысты және ҰБТ-ға дайындалу қажеттілігін ескере отырып, біз аталған іс-шараны маусым айының басына ауыстырдық», – деп жазды Каринова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы қоңырау мектептің жанында өтеді. Бірақ ата-аналарға қатысуға рұқсат жоқ.

«Мерекені өткізудің ерекшелігі – 11 сынып түлектеріне салтанатты түрде аттестат беріледі және соңғы қоңырау соғылады. Сонымен қатар, іс-шара міндетті түрде мектеп жанында таза ауада қонақтардың қатысуынсыз, тек 11 сынып оқушыларының қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілуі тиіс. Түлектерге әдеттегі мектеп формасымен қатысу ұсынылады», – деп атап өтті ол.


Салтанатты бөлімнен кейін экология министрлігімен бірлесіп, мектеп түлектерінің ағаш отырғызу акциясын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта осы акция жыл сайын 25 мамырға орай ұйымдастырылатын болады.
12 мамыр 2020 ж. 1 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 110
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031