Microsoft зағип жандарға жол сілтеуші бағдарлама жасады
Танымал Microsoft компаниясы зағип жандарға жол сілтеуші бағдарлама жасап шығарды. Смартфондағы бағдарлама көмегімен көзі нашар көретін жандар қала ішінде өз бетімен қалаған бағытына жете алады.
Компания жасаған бағдарламаның атауы - Soundscape. Құлаққап көмегімен жұмыс жасайды. Зағип жанға жақын маңдағы көшелер, аялдамалар мен ғимараттар жайлы хабарлап отырады. Сондай-ақ баратын жеріңді (сауда орталығы, асхана, т.б.) алдын ала таңдауға да болады. Ол үшін бағдарламаға дауыстық хабарлама жібересің.
Бағдарлама GPS секілді дұрыс бағытта бара жатқанын, қайда бұрылатынын алдын ала ескертіп отырады. Егер қайда тұрғаныңды білгің келсе, дисплейдің жоғары бөлігін басу керек.
Soundscape бағдарламасын құрастырушылар өз өнертабыстарының зағип жандарға көп көмегін тигізетініне сенімді.
- Көшеде жүру үшін зағип жандар көбіне таяқ немесе ит алып жүреді. Кейде жеке түйсігіне сенеді. Алайда айналада не барын, қай жерде келе жатқанын толық біле бермейді. Осы тұрғыдан алғанда бағдарламаның көмегі көп болады деп ойлаймыз, - дейді зағип жандар ұйымының қызметкері Эрин Лориден. Ол Microsoft компаниясымен Soundscape бағдарламасын бірлесе жасауға көмектескен.
Қазіргі таңда бағдарлама АҚШ пен Ұлыбритания елдерінде ғана қолданысқа енген. Сондай-ақ әзірге iOS операциялық жүйесі смартфондарына ғана қолжетімді.