» » Microsoft төлемдерді биткоинмен қабылдамайтын болды

Microsoft төлемдерді биткоинмен қабылдамайтын болды

Аталған валютаның тұрақсыздығы салдарынан Microsoft корпорациясы төлемдерді биткоиндармен қабылдамайтын болды. Компания қызметкерінің айтуынша, белгілі бір уақытқа дейін ғана биткоиндардан бас тартып отыр. Microsoft аталған криптовалюта түрін 2014 жылдан бастап пайдаланған еді, деп хабарлайды
2017 жылы желтоқсан айының басында Steam компаниясы да аталған криптовалютадан бас тартқан болатын. Олар мұны транзакция кезінде ұстайтын комиссияның көптігі және аталған криптовалютаның тұрақсыздығымен байланыстырды. Ол кезде транзакция комиссиялары бірнеше центтен ондаған долларға дейін көбейген еді. Нәтижесінде биткоин микротранзакцияларға жарамай қалды.
Microsoft және Steam сынды компаниялар үшін биткоин дәл қазір, расымен де, тұрақсыз. Себебі, биткоиндар арзандаған сайын аталған компаниялар үлкен шығынға ұшырайды.
Microsoft тұтынушыларына өнімдерді биткоинға сатып алуға рұқсат бермейді. Кейінгілері, алдымен, белгіленген соманы доллар есебінде шотқа салып, артынша биткоин эквиваленті бойынша төлем жүргізеді. Осы конвертация үшін де комиссия алынады. Нәтижесінде биткоин бағасы арзандағанда, компания шығынға ұшырайды. Кез келген қаржы бөлімі мұндай ситуациядан сақтануға тырысады.
Енді Microsoft клиенттеріне карта, PayPal немесе банк шотынан тікелей аударма жасау сынды жолдарды ұсынып жатыр.
09 қаңтар 2018 ж. 1 542 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031