» » 2017 жылдың ең тиімді валютасы анықталды

2017 жылдың ең тиімді валютасы анықталды

2017 жылдың ең тиімді валютасы болып Мозамбик метикалы танылды. Оның курсының долларға қатынасы 21% өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі dknews.kz басылымына сілтеме жасап.
Сарапшылар, өткен жылы криптовалюта иелерінің максималды кіріске қол жеткізгенін айтып өтті. Биткоин 1 500% өскен. Десе де, мамандар криптовалютаның әзірге қауіпті екенін жасырмайды.
Әлемдік валюта нарығының лидері болып Мозамбик метикалы танылды. Ол өткен жылы 21% өскен болатын. Бұдан кейінгі орындарда Чех кроны мен Польша злотыйы тұр. Олардың курсы 18% өскен. Ал Өзбек сомы керісінше 60% арзандады.
Шикізат активтерінің ішінен палладий иелері табысқа жетті. Себебі, аталған актив түрінің курсы 54% өскен еді. Мыс пен алюминий 29% қымбаттады. Табиғи газ керісінше 27,5% арзандап, иелерін шығынға батырды.
Греция бағалы қағаздарының құны — 60%, Белизанікі — 38,7%, Аргентинанікі 30% өсті. Ал Венесуэланікі керісінше 55% арзандады.
Индекс қоры бойынша украиналық UX 80% өсіп, жақсы көрсеткішке ие болды. Екінші және үшінші орында Қазақстан (+64%) мен Моңғолия (+63%) тұр. Ал тізімнің соңына 22% арзандаған Пәкістан жайғасты.
03 қаңтар 2018 ж. 1 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031