» » Қызылордада бір жасар сәбиден коронавирус анықталды

Қызылордада бір жасар сәбиден коронавирус анықталды

Қызылорда облысында бір жастағы сәбиге коронавирус диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Соңғы тәулікте Қызылорда облысында симптомды коронавирус 7 адамнан анықталды. Олардың 2-еуі Қызылорда қаласының тұрғыны болса, 1-і Жаңақорған, 4-еуі Сырдария аудандарында тұрады. Науқастардың ең үлкені 73 жаста, кішісі – 1 жасар сәби.

«3 науқастан ПТР-анализі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауру жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты алынды. Ал 1 адам ауруханаға жату алдындағы эпидбақылау мақсатында тексерілген. Сондай-ақ, 3 анализ провизорлық стационарға жатқызылған адамдардан эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді. Зерттеу қорытындысымен науқастардың ағзасынан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазір пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен.

Бүгіннен бастап Қызылорда облысында карантинге байланысты жаңа шектеулер енгізілді.



17 маусым 2020 ж. 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 544
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 341

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031