Конституция
» » Қызылордада жаңа шектеулер енгізілді

Қызылордада жаңа шектеулер енгізілді


Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу мақсатында 17 маусымнан бастап жаңа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қызылорда облысында соңғы аптада коронавирус инфекциясы 7 пайыздан асып кетті. Осыған орай індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №15 қаулысы қабылданды.

«Меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс жасап тұрған, кезең-кезеңімен іске қосылған салалар мен нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін басшылыққа алып жұмыс жасалады», – деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

Аталған қаулы бүгін сағат 00:00-ден бастап күшіне енді. Қаулы негізінде бірнеше шектеу және карантиндік шараларға өзгерістер енгізілді.

«Аймақта көпшілік іс-шараларды, ұжымдық барлық жиындарды өткізуге болмайды. Бала бақшалардың кезекші топтарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық балабақшалардың жұмысына, мешіттерде жұма намазын өткізуді, діни үйлерде дәстүрлік шаралар өткізуге тыйым салынды. Шектеу шараларынан кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастаған салалар мен объектілердің тізбесін қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер жұмысын жүргізуге болмайды. Сондай-ақ, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, кинотеатрлар, түнгі клубтар және фут-кордтар қызметтеріне, оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салынды»,- деді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова.

17 маусым 2020 ж. 1 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031