» » Облыс тұрғындары азық-түлік бағаларын енді өздері бақылай алады

Облыс тұрғындары азық-түлік бағаларын енді өздері бақылай алады

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктерінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» бірлескен бұйрығымен 9 түрлі азық-түлік тауарларына шекті нормадағы бөлшек бағалары бекітілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz


Бірінші сортты бидай ұны бағасы – 154 теңге, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) бағасы – 143 теңге, Рожки (өлшеніп салынатын) келісі -197 теңге, қарақұмық жармасы келісі – 294 теңге, тазартылған күріш келісі – 251 теңге, сиыр еті келісі – 1760 теңге, тауық жұмыртқасы (I санатты) ондық бағасы – 286 теңге, күнбағыс майы – 414 теңге, Ac тұзы («Экстрадан» басқа), килограмы – 47 теңгеден сатылымда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ретсіз өсірген кәсіпкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 202-бабына сәйкес азық-түлік тауарларына белгіленген шекті бағаларды арттырғаны үшін -100 АЕК, жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеті үшін – 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын бақылауға мүмкіндік беретін http://dosmart.kz сайты іске қосылды.
Егер сатып алушы бағаның негізсіз өскенін байқаса, бұл туралы сайт арқылы хабарлай алады. Ол үшін чектің суретін фотоға түсіріп, жүктейді немесе чектен ақпаратты толтыру жеткілікті.
Осылайша, сатып алушылар бағаны бақылауды жүзеге асыра алады.
12 сәуір 2020 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 188

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930