» » "Талайды таңырқатқан Шамшат жырау" атты жыр кеші өтті

"Талайды таңырқатқан Шамшат жырау" атты жыр кеші өтті

ЖОСАЛЫ, 2 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Қыдыр дарып, бақ қонған Сыр елі қашаннан хас таланттарды тоғыстырған өнегелі өңір. «Жыр елі» атанған бұл өлкеде алаштан ән оздырып, салған әні қазақ елінің биік шоқтығына айналған әнші, жыршы даланы тербеп, сан ұрпақты тебіренткен өнер иелері жетерлік. Биыл ерекше аталып өтілетін елеулі оқиғалар қатары жетерлік. Соның бірі жыраулық өнерді мұрат етіп, ата-баба мақамын асыл қазынадай ардақтап, баяғы мөлдір күйінде жалғастырып, өзінен кейінгі ұрпақ, шәкірттерінің бойына дарыта білген анамыз, жырау Шамшат Төлепованың 90 жылдығы. 

Осы орайда Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"," Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын басшылыққа ала отырып Төребай би ауылдық клубы КМҚК-ң ұйымдастыруымен Шамшат Төлепованың 90жылдығына арнап "Талайды таңырқатқан Шамшат жырау" атты жыр кешін ұйымдастырды. Жыр кешінің басты мақсаты-телегей теңіз рухани азық боларлық асыл мұраларды тереңірек зерттеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Жастарға Сыр сүлейі, жыр дүлділі Шамшат апамыздың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Сондай-ақ өңіріміздегі жыршылық дәстүрді жалғастырушы жыраулар есімін ұлықтап, мәдени мұрамызға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Жыр кешіне арнайы ауданнан қонақтар: Сыр сүлейлері Жиенбай,Рүстембек жыраулардың ұрпағы, жырау, "Ерен" еңбегі медалінің иегері, мәдениет саласының үздігі Бидас Рүстембеков ағамыз, бірнеше Республикалық байқаулардың жеңімпазы Айгерім Ешбаева өз шәкірті Амантай Айдана және аудандық жыраулар үйінің "Базар жырау" үйірмесінің жетекшісі Руслан Қарабисенов келіп,ауыл тұрғындарын қара домбыраның үнімен күй күмбірлетіп, жыраулардың жырларын жырлап ауыл қарттарының құрышын қандырды.Жыр кешінің алғы сөзін ауыл әкімінің міндетін уақытша атшарушы Өтегенова Шолпан апай сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдірді. Мектеп оқушылары Шамшат апамызға арнап өлең шумақтарын оқыды.Кеш соңында естелік сыйлық сыйлап, ауылымыздың қариясы Тұрмағамбет ата бата беріп,естелік суретке түсті.
Сыр дүлдүлдері арасында шоқтығы биік болған,талайды таңдай қақтырған Шамшат жырау күллі қазақ елінің мақтанышы.

02 наурыз 2020 ж. 530 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031