» » Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Ауған соғысының ардагерімен кездесті

    ЖОСАЛЫ, 14 ақпан – qarmaqshy-tany.kz «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қармақшы аудандық филиалында Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай кездесу ұйымдастырылды.
    Кездесуге «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерманов Асқар Байдуллаұлы қатысып, тақырып аясында Қармақшы ауданынан Ауғанстан жеріндегі соғысқа 87 азамат аттанған болса, үшеуі майдан даласында қаза тапқандығы жайлы, әскери патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік туралы әңгімелер қозғаса, филиал басшысы Издибаева Гулжамал Ерахметқызы шара барысын қорытындылап, ардагер ағаға алғысын білдірді.
    Шараның мақсаты: Өскелең ұрпаққа ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағамен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Қызметкерлерге отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
14 ақпан 2020 ж. 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 816
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 510

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930