» » Аудан әкімі: Ауқымды 2 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асады

Аудан әкімі: Ауқымды 2 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асады

ЖОСАЛЫ, 30 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Алдағы жылы ауданымызда құрылыс жұмыстары биыл басталған экономикалық және әлеуметтік жағынан маңызы өте жоғары 2 инфрақұрылымдық жобаларды іске асырылады.
Біріншісі, аудан орталығы Жосалы кентін газдандыру жұмыстарын аяқтап, көгілдір отынды ел игілігіне пайдалануға беру. Осы жұмыстарды аяқтауға 2020 жылға республикалық бюджеттен 2485,1 млн теңге, облыстық бюджеттен 199,3 млн теңге, барлығы 2684,4 млн теңге қаржы бөлінді.
Екіншісі, Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ қосалқы қондырғысын қайта жаңғырту жұмыстары. Бұл жобаға 2020 жылға республикалық бюджеттен 892,2 млн теңге, облыстық бюджеттен 32,0 млн теңге, барлығы 924,2 млн. теңге бөлініп отыр.
Сонымен бірге, іске асырылуы 2018 жылдан басталған аудан үшін зәкірлі жоба балып саналатын Қармақшы ауданы Ақтөбе елді мекенінде жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын іске қосу жоспары тұр. 2020 жылға осы құс фабрикасын сыртқы сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 418,3 млн. теңге бөлінді.
- Жосалы кентіндегі жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысын уақытылы аяқтау үшін тиісті облыстық басқармалармен тығыз байланыстағы жұмыстар жалғастырылатын болады.
Сонымен бірге барлық кент, ауылдық округтерде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, өндіріс пен қызмет көрсету бағытында кәсіпкерлік жобаларды іске асыру міндеті жүктелді, - деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы.
30 қаңтар 2020 ж. 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 137

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930