» » Аудан және ауыл әкімдерінің есебі Жаңажол ауылында өтті

Аудан және ауыл әкімдерінің есебі Жаңажол ауылында өтті

ЖОСАЛЫ, 25 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының əкімі М. Қалдарбековтың Жаңажол ауылдық округінде халық алдындағы есепті кездесуі өтті.
Кездесуде өткен жылы аудан орталығы мен оған қарасты елді мекендерде атқарылған жұмыстың жай-жапсары айтылып, алдағы атқаратын жұмыстар талқыланды.
Жаңажол ауылында 2066 адам тұрады. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі «Жаңажол» ЖШС-гінде жұмыс жасайды.
Серіктестік дихандары 2019 жылы 3050 га жерге күріш егісінің әр гектарынан 69,4 цн. Орта есеппен 21,2 мың тонна өнім алынды.
Кәсіпкерлік саласы бойынша 8 азамат 22 млн 300 мың теңге көлемінде және «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға» арналған мемлекеттік грантқа 9 азамат 505 мың теңгеден 4 млн 200 мың тенге қаржы алып кәсіптерін жасауда.
Мәдениет спорт салалары бойынша Жаңажол ауылы аудандық деңгейде өткізілген «Аймақтар аламаны» өнер фестивалінде бас жүлдені, «Алтын күз – 2019» ауыл спортшылары спартакиадасында 1 - орынды жеңіп алды.
Сонымен бірге республикадағы жазушылар мен шығармашыл тұлғалардың басын қосқан облыстық «Парасатты поэзия» кеші ұйымдастырылып өтті.
Өткен жылы өткізілген есеп беру кезінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарға сәйкес Е.Жаманқұлов көшесінің екіден бір бөлігіне жергілікті бюджеттен 9237,3 қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.
25 қаңтар 2020 ж. 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728