» » Аймақтар аламаны қорытындыланды

Аймақтар аламаны қорытындыланды

ЖОСАЛЫ, 20 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Кеше Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы және 2019 жыл – Жастар жылы аясында Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «АЙМАҚТАР АЛАМАНЫ» атты ауыл өнерпаздарының финалы жоғары деңгейде өткізілді. Фестивальдің мақсаты ұлттық дәстүр, рухани ұстаным, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ауыл жастарының шығармашылығына серпіліс жасау.
Ақтық додада аудан әкімінің орынбасары Омаров Жарқын Тұрмаханұлы қатысушы өнерпаздарға сәттілік тілеп, сөз сөйледі.
Фестивальдің финалына Төретам кенті, Ақай, Жаңажол, Ақтөбе ауылы өнерпаздарының өнерлерін арнайы жасақталған қазылар алқасы сарапқа салды. Қазылар алқасының шешімен «Ұлағат» номинациясымен Төребай би және Ақжар ауылының «Әжелер» ансамбльдері, «Шабыт» номинациясымен Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінің жанынан құралған «Драмма» үйірмесі, «Алтын дауыс» номинациясымен Қармақшы ауылының өнерпазы Әділет Бимұратұлы, «Муза» номинациясымен ІІІ Интернационал ауылының өнерпаздары Назым Абукасымова және ұстазы Гүлжан Әбдірова, «Үздік көрме» номинациясымен Қызылтам ауылының өнерпазы Рақымжанов Жомарт, «Ұлт құндылығы» номинациясымен Ақай ауылының өнерпазы Махамбетов Дәріқұл, «Ағалар жолымен» номинациясымен Иіркөл ауылының «Ағалар» ансамблі марапатталса, ІІІ орын – Төретам кенті, ІІ орын – Ақтөбе ауылы, І орын – Ақай ауылының өнерпаздары иеленді. Ал Бас жүлдені және 300 000 теңге сыйақыны Жаңажол ауылының өнерпаздары жеңіп алды.
20 желтоқсан 2019 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930