» » Жүз теңгең бар ма? Жүз досың ше?

Жүз теңгең бар ма? Жүз досың ше?

Досым екеуміздің әңгімемізді осылай жалғастырдым.
– Жүз теңгем әмиянымда. Жүз досым әлеуметтік желіде, – деп жауап беріп, мысқылдап күлді. Әрі қарай арамызда үңгірген тыныштық орнады. Досым телефонның ішіндегі әлемге түгелдей кіріп кеткен, ал мен терең ойға шомып отырдым...
«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деп бекер айтылмаса керек. Біз қазір достықты кейін шегертіп, өмірдің қу дүниесін алдыңғы қатарға қойғанбыз. Күн ұясынан шыққаннан бастап батқанға дейін сол қу дүниенің артынан қуалаймыз да жүреміз. Сол дүниеге жеткені бар ма? Болдым. Байыдым. Енді ештеңе керек емес деген бір де бір жанды көрмеппіз. Тойыңғанның үстіне тойынып, мұрты майлана берсе, сол. Өзі тойғанмен, көзі тоймайды адамның. Ал достықты қашан бағалаймыз?
... Досымның жауабы өзіне күлкілі болғанымен, мен үшін оймақтай ой туғызды. Расымен, еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін көгілдір экранға байланып қалғанбыз. Әлеуметтік желіні күндіз-түні ақтарып, «достарымыздың» тізіміне кім көрінгенді қосып жатамыз. Біреуін сырттай танысақ, енді бірі жайлы мүлде ештеңе білмейміз. Әйтеуір «достар» саны көбейгенге көңіліміз мәз. Ал өміріңіз тығырыққа тірелгенде соның қайсысы жаныңыздан табылады? Кім жаныңызға демеу болып, қол ұшын соза алады? Бірен-сараны ғана. Олар да жаныңыздан табылмай қалуы әбден мүмкін. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз.
Расымен, жаңа заманға кінә арта бастаған сайын, адамның «адамдығы» қас қағым сәтте өзгеруде. Ол өзгерістің ішінде достық қарым-қатынас та бар. Ішкі жан-дүниені ақтарып, сыр шертетін достар азайды. Адам адамға сенбейтін болды. Қазір біреуге сырың түгіл мұңынды айтуға қорқатын уақыт. «Үнсіздік – жан айқайдан да қатты» дегенді атақты неміс ойшылы Мартин Лютер айтқан. Ал қазіргі қоғамда сыртқа күліп, іштей жылап жүретін жандар саны көп. Жанында досы жоқ, досы болмаған соң ішкі жан дүниесі мұңға толы, өкпесі қара қазандай. Қу өмірдің қиындығына төзе алмай налиды. Кең дүниеге сыймайды. Бірақ, бұл кімге опа? Ал бар сырын досына ақтарса, қолдау табары сөзсіз ғой. Адам өзіне келгенде әлсіз болса да өзгеге ақыл айтуда алдына жан салмайды, шіркін. Міне, сенімді досы бар адам қиын кезде жолдасына сыр шертсе қанша адамның тағдыры жалғасар еді. Адам өмір бойы қолдауға мұқтаж. Жас сәбидің жөргегін ауыстырып, тамақтандыру қажет болса, қартайғанда қолтықсүйер жан керек. Есейген кезде де демеуге мұқтажбыз. Бірақ, біз ешкімнің қолдауына жүгінбей, барлық қиындықты өзі жеңгісі келетін «өзімшіл» болып кеткендейміз.
«Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос», – деп хакім Абай айтып кеткен жоқ па еді? Онда неге ұлы ойшылдың тілін алмаймыз? Неге қабырғамызды таспен емес, доспен қоршамаймыз? Ал сізде жүз, жоқ жүз емес-ау, бір ғана нағыз досыңыз бар ма?
Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
24 қаңтар 2020 ж. 1 040 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031