» » АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

«Істің ең қайырлысы – қайырымдылық» деп бекер айтылмаса керек. Жан-жағыңа шуақ шашып, титімдей болса да өзгеге үміт ұшқынын сыйласаңыз нұр үстіне нұр болар еді. Иә, қарбаласқан күйбең тіршіліктен айналамызға бір сәтке зер салмайтынымыз жасырын емес.
Аудан орталығында Ардагерлер аллеясы орналасқан. Демалыс орны жанға, жайлы көңілге қонымды орын. Алайда, аллеяға тек демалыс үшін келемейтіндер де бар. Бұл маңдағы газеттің алдыңғы санында жазылған «вандализмі» орын алады. Қоқысты шашады, орынтақты сындырады. Бірақ азанда осы жерден өтсең айналасы да, іші де мұнтаздай таза. Кім, қашан істеп үлгереді, қызық қой иә? Байқасаңыз жасы үлкен апа-ағаларымыз таң атқаннан кеш батқанға дейін көше тазалап жүреді. Бұл бір еріккендік емес қой. Нан керек. Шалқадан түсіп, мемлекетке сары ауыз балапандай аузын ашып жатқандарын да көріп жүрміз. Оның қасында бұл – адал еңбек. Ал осы еңбектің адамдары әрқашан құрметке лайық. Бұл кісілерге де зер салып көрелік. Басқа қолдан келмесе, ең болмағанда қолымыздағы бос бөтелкені неге апарып қоқысқа тастамасқа? Ол да сіздің анаңыз секілді адам, ол да сіздің әкеңіз секіл­ді жан. Қош. Әлгінде айтқан үміт отын сыйлаушылар да табылды. Яки аудандық жастар ресурстық орта­лы­ғының жастары мен аудандық жастар мәслихатының депутаттары көркейту, көгалдандыру және тазалық жұмысына еңбегі сіңіп жүрген бірқатар жандарға алғыс біл­дірді. Көңіл-күйін көтеру үшін рақметін айтты, ойнады, күлді. Аз күнге болса да жететін азығын, тәтті-пәттісін сыйлады. Иә, олардың көз жанарындағы жалынды көрсеңіз ғой. Орындықта ойланып ұза-а-ақ отырды да «жұмысымызды істейік» деп жан-жаққа тарқасты. Әрине, жастардың бұлай көңіл бөлгеніне алғысын біл­дірді.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
10 наурыз 2019 ж. 1 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 084

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031