» » Достығы жарасқан мекен

Достығы жарасқан мекен

Кеше облыс әкімі Қ.Ысқақов жұмыс сапарымен берекесі мен бірлігі жарасқан, сан ұлтқа саялы мекен болған, көп ұлттыІІІ Интернационал ауылында болып, ауыл тұрғындарымен, ақсақалдармен, мекеме басшыларымен кездесіп, ой бөлісті. Аймақ басшысы кездесуінің негізгі басты мақсаты: мемлекеттік бағдарламалардың елді мекендерде іске асуы, ауыл халқының тыныс-тіршілігімен танысу және ұсыныс-пікірлерін тыңдау болды.Сөз алған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мұхтаров"Қазіргі жағдайымыз бұрынғымен салыстыруға келмейді. Көңіл-күйіміз жақсы. Ауыл көшелері толығымен жарықтандырылды. Еңбеккерлердің жалақысы уақытында беріледі. Тұрғындардың отын-суы түсірілген, малы шем-шөппен қамтамасыз етілген. Мұның бәрі ауылға келген жаңа шаруашылық басшысы М.Сәрсенбаевтың күн демей, түн демей бірнеше айдың ішінде атқарған жұмысының, зор еңбегінің арқасы. Ауылға келгелі көп іс тындырды. Тұрмысы төмен отбасыларға жәрдем беріп, ел алғысына бөленіп жүр. Еліміз аман болсын, халыққа қарасатын кәсіпкер азаматтарымыз көп болсын" деп тілегін айтты.
Сонымен қатар сөз кезегін алған М.Сәрсенбаев "Достық Жер МК"ЖШС  атқарған жұмыстарын айтып, қолдан келгенше ауыл халқының жағдайын жақсартуға бар күшін салатынын, жоспарларын айтып өтті.Сонымен қатар ауылымыздың ақсақалы А.Сұлтанов аймақ басшысына ақ батасын берді.
Облыс әкімі сапар соңында орталық алаңдағы үлкен ғимараттың күрделі жөндеуден өтіп жатқанын өз көзімен көріп, шаруашылық басшыларына үлкен табыс тіледі. Өз сөзінде "Бірліктеріңіз арта берсін, ел тыныш, болашақ жастарымыз аман болсын. Елбасы тапсырмаларын барлық жерде орындай білсек, еліміздің бірлігі артып, болашағы жарқын болатыны анық" деді.
Аймақ басшысымен бірге облыстық мәслихат хатшысы Қ.Бисенов, Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков ,ауылдық округ  әкімі А.Омаров бірге болды.
Рима ТҰРМАНОВА
18 қаңтар 2020 ж. 650 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930