» » Аудан әкімі ауылдарды аралады

Аудан әкімі ауылдарды аралады

Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков жұмада шалғай орналасқан жеті ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен жүздесті. Онда бірқатар мәселелерді талқылап, ауыл әкімдерінің істеген жұмыстары пысықталды.
Алдымен Ақтөбе ауылдық округіне табан тіреген аудан басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, құс фабрикасының құрылысымен танысты. Сондай-ақ «Ақтөбе и К» ЖШС биыл атқарған бірқатар жұмысымен танысты. Мұнан соң ауыл тұрғындарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын өзекті мәселелерді сарапқа салды. Білім саласындағы басымдықтарға тоқтала келе жұмыс сапарының мақсатымен бөлісті.
– Мақсатым – ауылдың тыныс-тіршілігімен етене танысу. Өздеріңізбен ашық сұқбаттасып, пікірлеріңізді білу. Біздің тарапымызға келсек, тұрғындарға тиісінше қолдағы бар көмекті көрсетеміз, – деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы.
Бұдан кейін аудан басшысы ІІІ Интернационал ауылына бой түзеді. Мұнда балабақша мен амбулаторялық емхананы аралаған соң «Достық Жер МК» серіктестігіне табан тіреп, шаруашылықта атқарылған жұмыстармен танысты. Күріштің серіктестікте егілген сорттарымен шаруашылық төрағасы Мұрат Абайұлы таныстырды.
– Биыл егістікке 2392 гектар күріш, 336 жаздық бидай өзге дақылды қосқанда барлығы 3964 гектар жерге өнім егілді. Шаруашылық бойынша әлеуметтік салаға барлығы 151 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жаңа жатка, комбайн секілді техникалар астықты жинауда, – деді «Достық Жер МК» серіктестігінің басшысы.
Одан бөлек тазалығы мен келбеті үйлескен ауылға аудан басшысы оң қабақ танытты. Бұл жайында Цай Ден Хак атындағы мәдениет үйінде өткен отырыста хабарлады. Жиынға жиналған тұрғындар аудан әкімін жаңа қызметімен құттықтап, бірі жылы лебізін білдірді.
– Ауылға ене бастағаннан бірлігі бекем ауыл екенін бірден аңғарасың. Тазалығы да, орталық алаңының жанға жайлы жер екенін де атап өтуге болады. Қуантарлығы ауылда жұмыссыз жанның жоқтығы, – деді өңір басшысы өз кезегінде.
Расымен ауылдағы «Абай-Дәулет» ЖШС мен  «Достық Жер МК» ЖШС демеушілігімен ауыл ақсақалы мен ақ жаулықты аналарға арнап киіз үй тігілді. «Жастар аллеясы» бой түзеді. Одан бөлек, жаз бойы орталық алаңда балаларға арналған батут жұмыс істеді. Орталықтағы жайқалған талдың өзі жинақы кесіліп, көңіл-күйіңді көтереді.
Аудан әкімінің жұмыс сапары Дүр Оңғар, Иіркөл, Жосалы, Қармақшы ауылдық округі мен Қызылтам елді мекенінде жалғасын тапты. Ауылдық округі әкімі аппараты, фельдшерлік және акушерлік пункті, балабақша мен мектеп, мәдениет үйінде болып, әлеуметтік нысандарды аралады. Талапқа сай келмейтін кей мекеме басшыларына ескерту беріп, мерзімінде уақытылы орындалуын тапсырды. Көптеген шараларды қолға алып, әкімдіктің жұмысын жандандыруға тың идея мен тапсырмалар берді.
Кездесуде тұрғындарды тазалық пен адалдыққа, еселі еңбекке шақырды. Арнайы халық алдындағы есеп беруінен тыс бұл кездесулерден түскен ұсыныстарды алдағы жұмыс барысында пысықтайтынын жеткізді.
"Бота алғанша – бата ал" демекші, көпті көрген, елге еңбегі сіңген ақсақалдар аудан басшысына басын беріп, қызметіне сәттілік тіледі.
Айнұр ӘЛИ

17 қыркүйек 2019 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031