» » ІІІ Интернационал – аймақтың үздік ауылы

ІІІ Интернационал – аймақтың үздік ауылы

ЖОСАЛЫ, 12 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен "Үлгілі ауыл" байқауы қорытындыланды. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – аудан (қала) ішілік, екінші кезең - облыстық. Облыстық комиссия аудан, қала әкімдіктері ұсынған ауылдық округтердің құжаттарымен танысып, бағалап, үздік ауылды анықтады.

Байқаудың мақсаты – жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету. Айта кетейік, бұл шара республика бойынша тек Қызылорда облысында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Оның басты ережесі тірек ауылдық елді мекендер арасында екі санат бойынша сондай-ақ, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен және санитарлық тазалықтың жай-күйі бойынша бағаланды.
"Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін «Ауыл - Ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба шеңберінде елді мекендерді дамытуға бағытталған ауқымды істер жүргізілуде. «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруға 2019 жылы аймағымызда 1,9 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаралды . 2020 жылға «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 1,6 млрд.теңгеге 4 елді мекен бойынша 31 жоба іріктелді. Сонымен қатар, бүгін жеңімпаз болып танылған ауылдық округтерге берілген қаржылай сыйақының 80 пайызы сол ауылдың көркейіп-көгалдануына, абаттануына, санитарлық тазалығына жұмсалуы тиіс",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Байқауға барлығы 8 елді мекен оның 7 тіректі елді мекен қатысты.
Тіректі елді мекендер бойынша жеңімпаздар: 1 орын - ІІІ Интернационал (10 млн.теңге), 2 орын - Аққұм (7,5 млн.теңге), 3 орын - Ақжарма (5 млн.теңге). Ал елді мекендер бойынша жеңімпаздар: 1 орын - Таң(10 млн.теңге), 2 орын - Гигант(7,5 млн.теңге), 3 орын - Қожакент ауылы (5 млн.теңге). Ынталандыру сыйлығын Қазалы ауданындағы Қарашеңгел (Жалаңтөс Баһадүр) мен Өркендеу (Жанкент) ауылдары иеленді. Сыйақысы (2 млн.теңге).
12 желтоқсан 2019 ж. 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728