» » Жоба жүктеген жауапкершілік

Жоба жүктеген жауапкершілік


«Ауылым – алтын бесігім». Бұл сөз Жер-Ананың құшағында тай-құлындай тебісіп өскен бізге ыстық. Ауыл – елдің жүрегі, темірқазығы. Ауыл – қазақтың қасиеті дарыған құтты мекені. Алайда соңғы уақытта «ауыл тозып жатыр, жұмыс іздеп қалаға босып жатыр» дегенді естіп жүрміз. Әрине қараусыз қалғаны жоқ емес, қаладан еш кем емес ауылдың да барын ұмытпаған жөн. Ондай ауылда жұмыссыздық тіркелмеген, газ бен ауызсуы келіп тұр, тақтадай тегіс жолы бар, алыстан менмұндалаған жап-жаңа мектебі бой көтерген. Барлық ауыл осындай болса дейсің. Болады да. Себебі «Ауыл – ел бесігі» жобасы талайына үміт отын жақты.
Елбасының былтырғы жылы 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында ауыл-аймақтың әлеуметтік ортасын жаңғырту үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске қосуды тапсырды. Жоба жүктеген жауапкершілік қандай?
«Ауыл – ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Ауылдарды дамытуға бағытталған нақты істер қолға алынуда. Ол үшін «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы қаржыландырылады. Үш жыл ішінде 90 млрд теңге бөлінеді. 1,5 мыңға жуық перспективалық ауылдар қамтылатын болады. Перспектива көлемі, орналасуы, даму әлеуеті секілді негізде анықталады. Мұнан басқа моноқалалар мен шағын қалаларды дамытуға жылына 10 млрд теңге бөлініп отырады. Бұл әр өңірде 100-ге жуық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу мен қайта құруды қамтамасыз етеді.
Бұл бастама қолдау тауып, жоба аясында жол мен көпір жөнделді, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы күшейтілді, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді. Дәрігерлік амбулатория, балабақша мен мәдениет үйі сынды әлеуметтік нысандар құрылысының ірі жобалары да жүзеге асырылуда. Аймақты көркейту-көгалдандыру ісі де жақсы қолға алынған.
Жобаны іске асыруға 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен 90 млрд теңге қарастырылып, оның ішінде, 2019 жылы 30 млрд теңге бөлінген. Ұлттық экономика министрлігінің дерегіне сүйенсек, 73 мектеп пен балабақша, 14 емхана, 47 мәдениет үйі мен спорт нысаны жөндеуден өткізіледі, 12 денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып, 12 абаттандыру жобасы іске асырылады. 516 шақырым жол, 35 шақырым сумен жабдықтау желісі, 229 шақырымға электрмен жарықтандыру, 136 шақырым газбен жабдықтау, 20 шақырым және 7 жылумен жабдықтау нысаны жөнделіп, салынады. Бұл өз кезегінде 5 мыңға тарта жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді. Елбасының бастамасымен қолдау тапқан жоба ауданда қалай жүзеге асуда?
Аталған жоба аясында күрделі жөндеуден өткен №30 орта мектебінің 4 оқу ғимаратының 2 оқу ғимараты мен №27 орта мектебінің негізгі оқу ғимаратының құрылысы аяқталды. №27 орта мектепке осы жылы жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртып, сұйытылған газға ауыстыру жұмысы жүргізілді. Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын тиісті талап-деңгейге келтірілуде. Сала бойынша жалпы 8 нысан, оның ішінде: 1 колледж, 2 мектептің күрделі жөндеуі, 5 мектептің жылу жүйесін қайта жаңартылды. Сондай-ақ Көшеней Рүстембекұлы атындағы аудандық жыраулар үйі күрделі жөндеуден өтуде. Ғимараттың шатырына «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жалпы 143 925,0 мың теңге оның ішінде: республикалық бюджеттен 43,917 млн теңге, облыстық бюджеттен 4,879 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылды. Нәтижесінде "Капстройгрупп-Т" ЖШС-мен жалпы 41 580,0 мың теңгеге келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы қарқынды жүруде. Ғимарат қараша айында пайдалануға берілмек. Жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарға бақылаушы топ құрылып, рейд жұмысын жүргізіп тұрады.
Дарқан қазақ даласы ғасырлар бойы халықтың өзегін талдырмады. Бүгінде өркениетті ел болып, дамуы жолында қарқынды жұмыстар атқарылуда. «Ауыл – ел бесігі» – ел дамуының алтын бесігі болған ауылды гүлдендіруде. Алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жол бастайтыны сөзсіз.
Айнұр ӘЛИ

23 қыркүйек 2019 ж. 1 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031