Ауыл әкімдерін оқытудың нәтижесі көріне бастады
Ауылдық округ әкімдерін жан-жақты салаға бағыттап, оқытып, біліктіліктерін көтеру күн тәртібіндегі мәселе. Қазір әрбір өңірде бұл үрдіс өз кезегімен қолға алынып келеді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарында осы мәселені нықтап қолға алатынын айтты.
– Жамбыл облысының ауылдық округтерінің әкімдерін оқытудың пилоттық бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр. Бағдарламаны Академия филиалы облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырады. Оқыту қорытындысы аймақтың дамуына нақты үлес қосатынына сенімдімін. Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыста 154 аудан әкімі жұмыс істейді. Олардың 25-і бағдарламаға қатысуы – бұл тек алғашқы қадам. Болашақта бұндай оқыту дәстүрге айналады деген үміттеміз және ауылдық әкімдердің, сондай-ақ аудандар мен қала әкімдерінің барлық корпусын қамтитын болады, – деді ол.
Сапар барысында ол облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалының ашылу салтанатына қатысты. А.Шпекбаев мемлекеттік басқару Академиясының өңірлердегі филиалдарын ашу мемлекеттік қызметшілердің дамуына елеулі үлес қосатынын және ел дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті. Биылдан бастап Академияның және оның 16 филиалының базасында 929 әкім, олардың орынбасарлары, соның ішінде 763 ауыл әкімі білім алды. Бүгінгі күні өңірлерде оқытудан елеулі нәтижелері бар.Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімінің бастамасы бойынша оқыту бағдарламасы енгізілді, оның нәтижесінде ауылдық округтердің 98 әкімі облыстың ауылдық елді мекендерін әлеуметтік-экономикалық дамыту, жергілікті бюджеттердің теңдестірілген қалыптасуы және коммуналдық меншікті тиімді басқару бойынша жобаларды жүзеге асыруда
.
Даулет Қырдан.