» » «МЕН ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫМЫН!»

«МЕН ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫМЫН!»

ЖОСАЛЫ, 13 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz С. Есқараев атындағы №27 орта мектебінде «МЕН ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫМЫН!» тақырыбында мектеп директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары ӘБДІЛДАЕВА ГҮЛСІМ АМАНҚОСҚЫЗЫНЫҢ ұйымдастыруымен мектеп түлектерімен кездесу кеші өткізілді. 2017-2018 және 2018-2019 жылы білім ордасының табалдырығын аттап, үлкен өмірге қадам басқан оқушылар еліміздің беделді оқу орындарының студенттері.
Оқушылардың жеткен жетістіктеріне үнемі қуанып жүретін мектеп ұжымы жаңа жылдан соң олармен қайта қауышты. Мектептен қанат қағып кетсе де. білім нәрімен сусындатқан ұстаздарын ұмытпайтын түлектеріміз жаңа жылдық мерекемен шаңырақтастарын, ұстаздарын, мектеп әкімшілігін құттықтай келді.
Мектеп директоры ЖАРАСОВА АҚМАРАЛ ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ өз сөзінде түлектерге жылы лебізін білдіріп, мектепке жиі келіп, кейінгі буындарға өз өсиет-кеңестерін айтып, тығыз байланыста болуға шақырды.
Кездесу көңілді, жылы сезімге толы болды. Түлектер білім шаңырағы жүректеріне әрқашанда ыстық екенін айтып, оқушыларға өз кеңестерін жаудырып жатты. Кеш барысында «Мен болашақ...», «Ойнайық та, табайық!» сынды қызықты ойындар, ситуациялық сұрақтар бірінің артынан бірі жалғасып жатты. Соңында түлектер ризашылығын білдіріп, биылғы соңғы қоңырауға келіп, мектептің келесі түлектерімен арнайы кездесетіндерін айтып кетті.
13 қаңтар 2020 ж. 1 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 185
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 831

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031