» » Ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен көшелер жөнделді

Ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен көшелер жөнделді

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы елді мекендерге тəн өзекті мəселелерді шешуге түрткі болып отыр. Мəселен, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында аталған жоспармен 5 əлеуметтік нысан мен 11 көше жөнделді, деп жазады 24.kz.
Қармақшы ауданындағы агротехникалық колледж 60 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. 300 студент білім алатын оқу ордасының ғимараты әбден тозып тұрған еді. Енді бұрынғыдай төбесінен су тамшылап, терезеден жел өтпейді. 
Исламбек Айекенов, агротехникалық колледж директоры:
- «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына сәйкес 429 млн. теңге бөлінді. Міне сол ремонттың арқасында толығымен 3 ғимаратта жарық жүйесі ауыстырылды, есік, терезе, жылу жүйесі, едені ауыстырылды. Душ, спортзал, барлығы көптен бері армандап жүрген жұмыстарымыз іске асып, қуаныштамыз. 
Колледждің 150 орындық жатақханасы да бірнеше жылдан бері жабық тұрған еді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бұл ғимарат та қайта жаңғырды. Жалпы айтулы бастама Қармақшы ауданының орталығындағы 5 әлуметтік нысан мен 12 көшені жөндеуге септігін тигізді. 
Жалғас Сүйеубаев, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары:
- Бірінші бізде № 27 мектеп оған 143 миллион теңге бөлінді, №30 мектепке 246 млн теңге бөлінді. Оның бер жағында жыраулар үйіне 48 млн «Шипагер» емханасына 36 млн теңге қаржы бөлінді. Жалпы бөлінген 2 млрд 114 млн теңгенің 8 миллионы үнемделген қаржы. Ол республикаға қайта қайтарылды. 
Айта кетейік, бағдарлама шеңберінде бөлінген қаржыға 8 көше жөнделу қажет болатын. Алайда үнемделген қаржы есебінен тағы 3 көшеге қиыршық тас төселген. Кешенді шара аясында ғасырдан астам уақыт күрделі жөндеу көрмеген мектеп ғимараты да қайта жаңғыртылды дейді мамандар. 


08 қаңтар 2020 ж. 1 093 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930