» » Қызылорда облысында жатақхана тапшылығын жоюдың жаңа әдістері жүзеге асырыла бастады

Қызылорда облысында жатақхана тапшылығын жоюдың жаңа әдістері жүзеге асырыла бастады

Қызылорда облысында жатақхана тапшылығын жоюдың жаңа әдістері жүзеге асырыла бастады
Сыр өңіріндегі жоғары оқу орындарында жатақхана түйткілі толық шешілген.
Алайда аймақтағы 30 колледждің 12-сінде бұл мәселе өзекті күйінде қалып отыр. Яғни аймақта жатақханаға қажеттілік 2 мың 300 орынды құраса, бүгінде оның үштен бірі ғана қамтылған. Сондықтан сырбойылық жастар Елбасының басымдық берген 5 әлеуметтік бастамасы аясында аталмыш қиындықтар еңсеріледі деп сенеді.
Байқоңырлық Мақпал Кималова Қызылордадағы колледждердің бірінде «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығы бойынша білім алуда. І курс студенті оқу орны тарапынан жатақханамен қамтылған. «Ол ауыл жастарының алаңсыз білім алуы үшін тұрғылықты жерінің болуы аса маңызды», – дейді. Өйткені жатақханадан бөлме бұйырмай, пәтер жалдап жүрген құрбыларының жағдайы оған жақсы таныс. 
Мақпал Кималова, студент:
- Біз жатақханаға тиімді ақша төлесек, олар бізден екі есе төлейді. Және біз 1 бөлмеде 4 адам жатсақ, олар 1 пәтерде 10 адамдай болып жатады.
Өңірдегі жатақханасы жоқ 12 оқу орнының  бірі – Қызылорда политехникалық колледжі. Бүгінде мұнда 530 жас оқып жүр. Барлығы да ауыл балалары. Тоқырау жылдары бұл білім ордасының студенттер үйі тұрғын үй ретінде жекеменшікке берілген. Енді мәселені шешу үшін бизнес өкілдерін тарту көзделіп отыр екен.
Бақыт Кенбаев, политехникалық колледж директоры:
- Колледж алаңында жатақхана салатын орын да бар. Әрине, енді келешекте жас жұмысшы мамандардың санын көбейтетін болсақ, онда бізге 600 орындық жатақхана салса, өте орынды болады. Әрине, жатақхана салу жоспарын әкімшілік болып ақылдасып, жоспарлап отырмыз.
Облыста жатақхана тапшылығын шешу үшін кезінде жекенің қолына кеткен ғимараттар қайтарылмақ. Сондай-ақ бос тұрған әлеуметтік нысандарды да студенттер үшін тұрғынжай ретінде ыңғайластыру жоспарланған.  
Құралай Ерташова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Жұмысшы топ құрылып, қай жерде қандай жатақхана қажет ететінін зерделеп, Арал индустриялық-техникалық колледжіне ескі мектеп ғимараты беріліп, қазір соған тиісті құжаттар дайындалуда. Сосын Жаңақорған ауданында бұрын аудандық білім бөліміне берілген 2 қабатты қайтару жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Ал биыл аймақта 200 орынды студенттер үйі бар жаңа колледждің іргетасы қаланады. Сонымен қатар 150 орынды тағы бір жатақхананы күрделі жөндеуден өткізу көзделіп отыр.
02 сәуір 2018 ж. 1 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 178

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 299

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930