» » Қазақстанда іздеуде болған қылмыскерді Нью-Йорк полициясы құрықтады

Қазақстанда іздеуде болған қылмыскерді Нью-Йорк полициясы құрықтады

Америка Құрама Штаттарының иммиграциялық және кедендік полициясы Нью-Йоркте Қазақстан билігі іздеген қылмыскердің ұсталғандығы туралы хабарлады деп жазады ведомствоның сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, елде өткізілген 5 күндік операция нәтижесінде тәртіп сақшылары Нью-Йоркте елдің иммиграциялық заңдарын бұзған 12 шетелдік азаматты ұстаған.Олардың барлығы қамауға алынды.
Сонымен қатар, полицияның хабарламасында айтылғандай, тұтқындалғандардың бәрі Нью-Йоркте өз елдеріндегі сот төрелігінен жасырынып жүрген болып шықты.
Ұсталған азаматтардың бірі Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеген қылмыскер екені анықталды. 27 жастағы ер адам тонау қылмысы бойынша өз Отанында бес жылға сотталыпты.
Сонымен қатар, шетелдік қашқындар тізімінде Ресей Федерациясы, Мексика, Жапония, Колумбия, Чили және Аргентина елінің азаматтары бар.
Олардың барлығы қазіргі уақытта қамауда отыр. Жақын күндері тұтқындалушыларға қатысты сот тыңдалымы өтіп, олардың тағдыры шешілетін болады. 
09 желтоқсан 2019 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 770
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 130

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 488

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930