» » Ақмолада көлік ұрлаған «ғашықтар» қолға түсті

Ақмолада көлік ұрлаған «ғашықтар» қолға түсті

Ақмола облысында жеңіл көлік ұрлаған «ғашықтар» анықталып ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 10 қыркүйекте Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Краснояр кентінің 61 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулердің «ВАЗ-21053» көлігін айдап әкеткенін айтқан.
«Жедел-іздестіру шарасыкезінде тәртіп сақшылары 43 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйелді анықтап, қолға түсірді. Күдіктілер қылмыстарын мойындады. Кейін анықталғандай, ұры әйел көлік иесінің бұрынғы танысы болып шықты. Ішімдік ішіп алған әйел өзінің жақын досымен көлік иесі ұйықтап жатқанда көлігін айдап әкеткен», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Осыған орай, тәртіп сақшылары ақмолалықтарды көліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасын қолдануға шақырады.


15 қыркүйек 2019 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 719
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31