» » Аудан әкімі: Азық-түлік, дәрі-дәрмек бағасы тұрақты болады

Аудан әкімі: Азық-түлік, дәрі-дәрмек бағасы тұрақты болады

Жосалы кентінде орналасқан бірқатар нысандарды араладым. Күнделікті халыққа қажетті тауарлардың, азық-түлік дәрі-дәрмек бағаларын көрдім, деп жазады аудан әкімі Мұса Қалдарбеков фейсбуктегі парақшасында. 


Кент орталығындағы дәріханаларды, сауда нысандарын, жеке кәсіпкерлермен кездесіп, базарлардың жағдайын аралап көріп шықтым. Аралаудағы негізгі мақсатым - тұрғындарға қажетті азық-түлік бағаларының тұрақты болуын бақылау және негізсіз өсуіне жол бермеу, Жосалы кентінің тазалығы мен кәсіпкерлік нысандарының сырт келбетінің жәй-күйін көру болды.
Сонымен бірге кенттегі абаттандыру жұмыстары баршамыздың ортақ шаруамыз. Алдағы уақытта да кәсіпкерлік нысандары мен өндірістік мекемелермен бірлесіп, бұл жұмыстарды жаңа бағытта жалғастыратын боламыз деген сенімдемін.
Келесі нысандар тобында «ОДСП Арал» аудандық тораптық су құбырының №4 насос станциясын барып көрдім. Сонымен бірге аудандық электр тарату торабы мекемесінің басшыларымен кездестім.
Тұрғындарды ауыз сумен және электр энергиясымен тұрақты түрде қамтамасыз ету басты назарда. Аудандық электр тарату торабының басшысы Еспенбетов Русланға шыққан ақауларға байланысты жөндеу жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырдым.
Сондай – ақ октябрь тораптық су құбырынан келетін судың мөлшері мен мекеме аймағын абаттандыру жұмыстары туралы Медеуов Сақтапбергенмен кеңесіп алдағы жоспарларын тыңдадым.
Әрі қарай кент аумағындағы өндірістік нысандарды оның ішінде бүгінгі күні жұмысы тоқтап тұрған «КазРосИмпекс» ЖШС-не қарасты вагон жуу станциясын арнайы барып көрдім. Алдағы уақытта да өндіріс нысаны ірі көлемдегі жұмысты әрі қарай жандандырып жаңа технологияларды ендіріп, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажет деп ойлаймын.
Кент орталығындағы өндірістік нысандардың бірі «АНК-Дәулет» ЖШС барып көрдім. Жұмыстары жолға қойылғаны белгілі, бірақ өндірістегі шикізат пен өңдеу көлемін арттыру керек екенін байқадым.
Жеке кәсіпкерлердің көмір қоймаларына барып, қатты отынның негізсіз қымбаттамауы, халыққа жеткілікті түрде жеткізілуін арнайы тексердім. Қазіргі таңда көмір бағасын қымбаттатпай қазірігі бағасында ұстап тұру туралы жеке кәсіпкерлермен меморандум бекітілген болатын.
Барлық нысандарды аралау жұмыстарының нәтижесі бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Алдағы уақытта берілген тапсырмалардың орындалуы назарда болады.




13 қараша 2019 ж. 1 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 267

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 366

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930