» » Қазақстандықтарды 1-қарашадан бастап қандай өзгеріс күтіп тұр?

Қазақстандықтарды 1-қарашадан бастап қандай өзгеріс күтіп тұр?

qarmaqshy-tany.kz "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы барлығы ақпараттық анықтамалардың 28 түрін жоюды жоспарлап отыр деп хабарлайды Sputnik.
Қазақстанда осы жылдың 1 қарашасынан бастап мекенжай анықтамасы алынып тасталады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.
"1 қарашадан бастап азаматтар өз мекенжайын электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіне кіріп тексере алады", - деді корпорация басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева.
Оның айтуынша, мекенжай анықтамасымен қоса тағы бірқатар қызмет түрі жойылады. Атап айтсақ, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама, диспансерлерден анықтама, жұмысссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру.
Жалпы алғанда ақпараттық анықтамалардың 28 түрі қысқартылады.
Балташева қазақстандықтар осыған дейін мекенжай анықтамасын алу үшін халыққа қызмет көрсету оралықтарына жылына 10 миллион рет барғанын атап өтті.
Бірқатар анықтаманы реестрден алып тастау мәселесі мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады.
Еске сала кетсек, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын жою туралы бастама көтерген еді. Ішкі істер министрлігі бұл идеяны қолдап, деректер базасын басқа мемлекеттік органдармен интеграциялады.


04 қазан 2019 ж. 1 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 830
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930