Игі бастама

Гүлжахан МҰНАРБАЕВА,
А.Жанпейісов атындағы
№105 мектеп-лицейінің директоры:
– Президенттің бес тараудан тұратын Жолдауында қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға терең талдау жасалып, алдағы кезеңге нақты міндет белгіленді. Жолдау – тарихи маңызы бар құжат. Себебі ол халқымыздың әл-ауқатын арттырумен байланысты басты мәселелерді шешуге бағытталған. Сонымен қатар оған жан-жақты терең талдау жасалған. Елбасымыз өзекті деген мәселелер бойынша бүкіл қазақ халқымен интерактивті диалог орнатты. Осылайша халқымыздың тыныс-тіршілігінен жан-жақты хабары бар екенін сенімді түрде көрсете білді. Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажеттігін, оқулық сапасының  төмендігін,  сапалы  оқулықтармен  қамтамасыз ету – тиісті министрліктің тікелей міндеті екенін қадап айтты.
– Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды, – деп мәртебелі мамандық иелеріне көңіл бөлуі, яғни мұғалім қызметіндегі халық өкілі ретінде мені аса қуантты. Осы орайда «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңадан заң қабылдау жобасын атап айтпау мүмкін емес. Президентіміздің ұстаздарға түсетін жүктемені азайтып, үш ауысымды білім беру мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасы дер кезінде көтерілген әділ шешім дер едім. Сенаторлар қоғам арасында талқыға салынып, осыған дейін мәселе етіп бірнеше мәрте көтерген болатын. Енді міне, аталған Заңның шешімін табуына өз үлестерін қосуға дайын. Президенттің осынау қолдауынан кейін үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді және бұл бастама өз жемісін беретініне сенім мол. Елбасынан қолдау тапқан білім қызметкерлерінің жемісті еңбегі тұрғанда еліміздің, қазақ елінің алар асуы шырқау биікте.

10 қыркүйек 2019 ж. 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930