» » Еркіндік пен теңдіктің бастауы

Еркіндік пен теңдіктің бастауы

Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің «Жеті жарғысы» қазақ тарихында жазылмаған дала заңы. Сайын даланың төсін еркін емген қазақтай ұлттың ұлылығы сол, тарауы мен бабы болмаған дала заңына бұлжытпай бағынғаны. Ал балалары бұл күнде егемен елдің Ата Заңына зор құрметпен қарайды.
Биыл Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының қабылданғанына 24 жыл толып отыр. Осы жылдары еркіндіктің негізіне айналған Ата заңымыз Қазақстан халқына басты дүние – таңдау құқығын берді. Соның арқасында қазақстандықтар біраз жетістікке қол жеткізді.
Өткен аптада Ш.Төлепова атындағы мә­дениет үйінде мемлекеттік мерекеге арналған салтанатты жиын өтті. Кеште аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әділ Үсенұлы кент тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтады.
– Біз тәуелсіз еркін гүлденген елде өмір сүрудеміз. Өзге аймақтармен қатар біздің өңір де тұрақты даму үстінде. Тұр­ғындардың тұрмыс жағдайы жақсарып. жыл сайын әлеуметтік бағдарламаларға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт салаларына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді. Осы жетістігіміздің барлық негізгі діңгегі – Ата заңымызда жатыр. Баршаңызды атаулы мерекемен шын жүректен құттықтап, сіздерге зор денсаулық тілеймін, – деді Ә.Қошалақов.
Мерекелік кеште ауданымыздың жар­қын болашағы үшін тер төгіп, аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Еліміз үшін ерек орны бар айтулы мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
10 қыркүйек 2019 ж. 1 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930