Құрылтай
» » "Бизнес - Жарқын болашақ"

"Бизнес - Жарқын болашақ"


Ақжар ауылдық округінде «Қармақшы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-сі мен «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қармақшы аудандық "Атамекен" кәсіпкерлік палатасымен Кәсіпкерлік бөлім мамандарының қатысуымен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен азаматшалар арасында «Бизнес – Жарқын болашақ» тақырыбында кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесуге тұрғылықты жерде кәсібін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлер мен кәсіп ашуға ынталы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен азаматшалар, сонымен қатар ауыл тұрғындары қатысты. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мамандары кәсіпкерліктің жаңа бағыттары, қайтарымсыз гранттар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен қоса жаңа бағдарламалар төңірегінде мәліметтер беріп өтті. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздеріне қажетті сұрақтарын қойып, толққанды ақпараттар алды.
27 тамыз 2019 ж. 1 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31