» » Ағыбай батырдың үкімі

Ағыбай батырдың үкімі

Өткен ХІХ ғасырдың 40-шы жылдары қазақ даласында өрбіген ұлт-азаттық қозға­лыс­тың көсемі Кенесары Қасым­ұлының сенімді серіктерінің бірі – шұбыртпалы Ағыбай батыр. Ол заманда шұбыртпалылар Балқаш көлінің түстік бетін жайласа, қыста Бетпақтың шөлін басып өтіп, Шудың бо­йын қыстайды. Осы елдің бір тобы жоғарыдағы көтеріліс жыл­дары Сыр бойы Шиелі өңірі­не ауып барыпты. 
Сол тұста, нақтырақ айт­қанда 1880 жылдары Сыр­дария облысының Перовск уезіне қарасты Шиелі бо­лыстығына сайлау жүріп, қып­шақ руынан Әлмем­бет Тұр­сын­байұлы мен шұбырт­палы Әйеке Бекежанұлы екеуі болыстыққа таласқан екен. Содан қатты шиеленіс үстін­де қыпшақ Әлмембет шұбырт­­палы Әйекені жазым етіпті.
Әйеке болса Ағыбай батыр­дың жақын руласы. Жаман хабар Арқадағы Ағыбайға да жетеді. Жасы шау тартып отырғанына қарамай, батыр жолға шығады. Ұзақ жол жүріп қаралы ауылға ат басын тірейді. Күллі шұбыртпалы «ой, бауырымдап» батырдың алдынан шығады. Келіндер Әйеке болыстың қадір-қасиетін, байлық-беделін, кісілігі мен түсінігін жырға қосып, тың­даған пенденің сай-сүйегін сырқыратып жоқтау айтады.
Алыстан келген қарт ба­тырға мұндағы ағайындары: «Уа, батыр, ер – намысы, ел  намысы деген, біздің аймақ­қа бедел, аумаққа айбар арысы­мыз оққа ұшты. Ел сіздің бір ауыз сөзіңізді күтіп отыр. Ағеке, жаудан бетіңіз қайтпаған батырсыз, ханның қасында жүріп, қазақтың жоғын жоқтап, жаудың оғына кеуде тосқан ерсіз. Батаңызды беріңіз, Әл­мем­бетті шабамыз, қанға қан аламыз», дейді.
Едіреңдеген елге не айтарын білмей Ағыбай батыр үнсіз ұзақ отырады да, «келіндерді шақыр, өткендегі жоқтауды қайта айтсын», дейді. Келіндер сұңқылдап жоқтай жөнеледі. Жанарын жас жуған қарт батыр, «Бұл жоқтауды кім шығарды?» деп ағайындарынан сұрайды. Көпшілік «Бұл жоқтауды Әйекеме арнап қыпшақ Бұда­бай ақын жазып берді», дейді. Сонда Ағыбай батыр: «Пай-пай, Әйекемді бір қыпшақ өлтірсе, екінші қыпшақ тірілт­кен екен, дау осымен біт­сін, екі рулы ел бұдан былай байырғы құдандалығын жаң­ғыртып, тату өмір сүрсін», деп бір-ақ кесіпті.
Ағыбайдың айтқаны – шұ­бырт­палылар үшін заң. Қайран ер қыпшақ пен шұбырт­палы арасында ушығып кеткелі тұрған дауды осылай басыпты. Әрине қандас бауырының қазасы қанша жанына батса да, кейінгі ел бірлігі одан да қымбат екенін аңғарған қарт батыр осылай үкім етіпті.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
22 қаңтар 2018 ж. 2 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 998

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031