ҚАСИЕТ ҚОНҒАН ҚАРМАҚШЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ
Қармақшы ауданы бойынша бүгінде 66 тарихи-мәдени ескерткіштер мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 6 республикалық маңызы бар, 58 жергілікті маңызы бар, 2 алдын-ала тізіміне алынған. Бұл жәдігерлер халқымыздың рухани құндылығына айналған киелі орындар ретінде ерекше маңызға ие.
ДҮР ОҢҒАР ДЫРҚАЙҰЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ
Дүр Оңғар Дырқайұлы (1859–1902) – Сыр бойындағы жыраулық және ақындық өнердің көрнекті өкілі, халық арасында есімі кеңінен танылған сөз зергері. Ол Сыр өңіріндегі жыршылық дәстүрдің дамуына елеулі үлес қосқан тарихи тұлғалардың бірі.
2009 жылы Дүр Оңғар Дырқайұлының туғанына 150 жыл толуына орай Қармақшы ауданы орталығы Жосалы кентінде ақын-жыраудың құрметіне арналған ескерткіш кешен бой көтерді.
Ескерткіштің құрылысы 2009 жылдың 1 сәуірінде басталып, сол жылдың 1 қыркүйегінде толық аяқталған. Ескерткіш кешенінің жобалаушысы – сәулетші К.Демесінов. Кешеннің жалпы биіктігі 8 метрлік ротондадан тұрады. Оның орталық бөлігінде ұлттық киім киген, қолына домбыра ұстаған Дүр Оңғардың мүсіндік бейнесі орналастырылған. Тұғырында ақынның есімі мен өмір сүрген жылдары жазылған гранит тақта орнатылған.Ескерткіштің тұғыры 36 шаршы метр, биіктігі 14 м.”Дүр Оңғар Дырқайұлының” бюсті орнатылған.















