Мәслихаттар сайлауы
» » ҚАСИЕТ ҚОНҒАН ҚАРМАҚШЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ

ҚАСИЕТ ҚОНҒАН ҚАРМАҚШЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ


Қармақшы ауданы бойынша бүгінде 66 тарихи-мәдени ескерткіштер мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 6 республикалық маңызы бар, 58 жергілікті маңызы бар, 2 алдын-ала тізіміне алынған. Бұл жәдігерлер халқымыздың рухани құндылығына айналған киелі орындар ретінде ерекше маңызға ие.

Орынбай қала қалашығы –Қармақшы ауданы аумағында орналасқан XVIII–XIX ғасырларға жататын тарихи-археологиялық ескерткіш. Тарихи деректерде бұл нысан Орынбай сарайының орны, сондай-ақ Қарақалпаққала атауымен де кездеседі.

Қалашық – Сыр өңірінің кейінгі ортағасырлық және жаңа дәуірдегі тарихи-мәдени мұрасын танытатын маңызды археологиялық нысандардың бірі. Оның сақталған құрылыс қалдықтары сол кезеңдегі елді мекендердің қорғаныс жүйесі, тұрғын үй құрылысы және діни сәулеті туралы мәлімет Қармақшы ауданы, Тәйімбет Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 130 шақырым жерде орналасқан.

Қызылқұм құмдарының арасында, Жаңадарияның құрғап қалған арнасының оң жағалауында орналасқан. Бұл аймақ ерте кезеңдерден бастап Сыр бойы мен оған іргелес өңірлерді байланыстыратын тарихи-географиялық кеңістіктің бір бөлігі болған. Қалашықтың жалпы аумағы шамамен 400 × 300 метрді құрайды. Сыртқы бөлігі төртбұрышты топырақ жалмен қоршалған. Қорғаныс қабырғаларының сақталған биіктігі 1–1,5 метр шамасында. Қалашықтың құрылыс жүйесінен сол кезеңдегі сәулет өнерінің өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады. Қалашықтың орталық бөлігінде орналасқан негізгі құрылыс 31 × 20 метр көлемінде. Оның құрамында 12 бөлменің орны анықталған. Қабырғаларының сақталған биіктігі 4 метрге дейін жетеді, қалыңдығы шамамен 70 сантиметр.

Бұл құрылыс кешені қалашықтың негізгі әкімшілік немесе тұрғын бөлігі болуы мүмкін деген болжам жасауға негіз береді. Алайда оның нақты қызметі туралы қосымша археологиялық зерттеулер қажет.Қалашық аумағында үш бөлмеден тұратын мешіт қалдықтары сақталған.

Мешіттің көлемі 8,5 × 7,5 метрді құрайды. Қабырғаларының сақталған биіктігі шамамен 2 метр, қалыңдығы 50 сантиметр.

Құрылыс барысында шикі кірпіш пен пахса әдісі қолданылған. Бұл сол кезеңдегі жергілікті құрылыс дәстүрінің ерекшелігін көрсетеді. Орынбай қала қалашығы алғаш рет 1946–1948 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының зерттеу жұмыстары барысында қарастырылған.
Экспедицияны белгілі кеңестік археолог, ғалым Сергей Павлович Толстов басқарған.

Кейін 2005 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкері Ж. Құрманқұлов бастаған ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында қалашықтың географиялық координаттары анықталып, фототіркеу жұмыстары жүргізілген.

09 қараша 2026 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 306
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 454

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30