» » Бұланды ІІ кесенесі

Бұланды ІІ кесенесі


Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Сақтар мәдениеті кешегі күнге дейін қоғамның таңдаулы адамдары мен патшаларға тән жерлеу ескерткіштері – обалар негізінде ғана зерттеліп келді. Ғалымдардың арасында сақтар көшпенді халық болды деген пікір ұзақ бойы басым болып келген. Алайда, археологтар сақ қоныстары мен қалаларына зерттеу жүргізуіне орай бұл пікір өзгерді. Зерттеу барысында мал шаруашылығымен қатар олар үшін отырықшылық пен егіншіліктің де қалыпты өмір салты болғаны анықталды. Осы орайда Сыр өңірін мекендеген сақтарда отырықшы мәдениетті қалыптастырған. Қалашықтар мен ғимараттар салған. Солардың бірегейі сәулет өнері ескерткіші Баланды күмбезді кесенесі Қазақстан бойынша баламасы жоқ тарихи нысан және ежелгі дәуірдегі Орта Азияның сәулет өнерінде күмбезбен жабылған алғашқы құрылыс. Кесененің ғұрыптық маңызы болғандықтан ғибадатхана болғаны байқалады. Мұнда жерлеу рәсімдерімен қоса, құдайға табынушылықтың арнайы салт-жоралғылар өткізген. Кесенеге ақсүйектер жерленуі мүмкін. Осындай күмбезді құрылыстар Орта Азия мен Қазақстанда кешегі күнге дейін болған. Бірақ та қазіргі күмбездердің барлық элементтері Баланды ІІ кездеседі. Әйгілі Рим империясында күмбезді құрылыстар б.з.д. І ғасырда пайда болса, Ал, Баланды кесенесін б.з.д. ІҮ-ІІ ғғ. Рим империясының пайда болуына дейін екі-үш ғасыр бұрын апасиак сақтары салған.
Зерттелуі: Баланды ІІ кесенесіне 1960 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П.Толстовтың жетекшілігімен) зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2012 жылы кесенеге консервациялық жұмыстар жүргізілді.
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Баланды ІІ (Бұланды) жерлеу құрылысы дөңгелек болып келеді, диаметрі шамамен 16 м. Құрылысқа кіретін есігі оның оңтүстік бөлігінде орналасқан және аркалы қуысы бар портал ретінде безендірілген. Дәл осындай қуыстар ішінде орналасқан жеке камераларды бір-бірімен жалғастырады. Ғимараттың орталық бөлігі диаметрі 5,5м күмбезбен жабылған
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта, Москва, 1962., 176 б
2. Құрманқұлов Ж. Утубаев Ж. Баланды антикалық ескерткіші Алматы
2013., 26-28 бб
18 қаңтар 2024 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 996

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031