» » Сыр бойының сакралды ескерткіші

Сыр бойының сакралды ескерткіші

Тәңірдің сыйындай болған Тәуелсіздік біздің өшкеніміздің жанып, өлгеніміздің тіріліп, өркеніміздің өсуіне даңғыл жол ашты. Жаһандану заманында әрбір ұлттың өзін-өзі тануға, өзінің рухани келбетін сақтап қалуға ұмытылуы табиғи заңдылық. Әрине біз өткеннен сабақ ала отырып, өз жолымызды таңдадық. Осы жолда біз ұлттық ерекшелігімізді айшықтайтын бірегеймұраларымыздан алыстаған жоқпыз, қайта барынша жаңғыртып отырдық.
Осы орайда тарихи аңыздар мен деректер бойынша Сыр өңірін мекендеген  сақтар отырықшы әрі қалалық өркениетті жақсы меңгерген, егін егіп, бау-бақша өсіріп, қала салған. Бұған Сырдария бойында біздің заманымызға дейін ІV-II ғасырларда өмір сүрген ірі қалашықтардың бірі Бәбіш молла қалашығы дәлел бола алады. Ежелгі дәуірдегі грек және парсы халқымен осы өңірдегі жергілікті сақтардың мәдени-саяси байланыста болғаны ықылым заманнан белгілі. Бұған дәлел археологиялық қазба жұмыстары барысында қалашықтан ерекше жағдайларға және қабылдауға арналған салтанатты залдары бар құрылыс орындарының табылуы.
Бәбіш молла қалашығы тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан басқа аймақтармен тығыз қарым-қатынаста болған. Археология барысында қала орнынан керамикалық ыдыстар, моншақтар, жебенің ұштарының, тағы басқа заттардың табылуы қолөнер мен ұсталық өнердің жақсы дамығандығын көрсетеді.
Бұл мәдениетке Жаңадария бойын жағалай орналасқан қоныстар мен суландыру жүйелері бар Бәбіш молла қала жұрты да жатады. Шірік – Рабат мәдениетіне жатқызылатын осы тектес тағы бір ескерткіш Іңкәрдария бассейніндегі Баланды қалашығы. Шірік – Рабат, Бәбіш молла, Баланды қалашықтарындағы орталықтандырылған ірі қоныстар арасы егістік алқаптармен және ауылдармен жалғасып жатқан.
Қазіргі уақытта отандық ғылымның ықпалымен көптеген тарихи орындарға күрделі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осындай ауқымды жұмыстардың  аясында 2004 жылдан бері Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасымен Ә.Марғұлан атындағы ғылыми зерттеу институтының «Шірік – Рабат археологиялық-этнографиялық экспедициясы» жоғарыда айтылған Жаңадария бойында орналасқанБәбіш мола қалашығына  кешенді зерттеу жұмыстары  жыл сайын жүргізіп келеді. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тарихи құндылығы ескеріліп,  «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Бәбіш-мола қалашығы өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енді.
Бәбіш молла кешені қалажұрт  және Бәбіш Молла 2 жерлеу ғимаратынан құралады. Кешеннің ендік бағыты  40 км, меридиандық бағыт бойынша 15-20 шақырым созылып жатыр. Қоныстарды сумен қамтамасыз ететін негізгі магистральді арна Бәбіш Молладан оңтүстікке қарай 6 шақырым жерден басталады. Бәбіш молла қалашығы Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай 47 шақырым жерде орналасқан.

Е.ТОҚТАРОВ,
аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының аға ғылыми
қызметкері
05 мамыр 2022 ж. 1 016 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 996

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031