» » Күш атасы – Қажымұқан

Күш атасы – Қажымұқан


Қазақта тұңғыш санаулы. Солардың бірі – тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұлан-ғайыр жері мен өршіл халқын әлемге паш етіп, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған Қажымұқан Мұңайтпасұлы.
Ол Қобыланды батырдың он бірінші ұрпағы деген де деректер бар. «Алып анадан туады». Балуанның анасы да, әжесі де осал болмаған деседі. Бұла күші бойына сыймаған бала палуан­ кішкентайынан жігерлі, қайратты бо­лып өседі. Балалар оның күшінен ығып, үлкендер оның күшін пайдаланып қызықтай бастайды. Барлық той-томалақ, жиын Мұқансыз өтпейтін болған. Оны баламен де, үлкенмен де белдестіріп, ауыл қызықтай береді. Ел оны «бала палуан» деп атап кеткен. Алып күштің иесі, ол бала кезінен-ақ бөлектеніп тұрды. Жауырыны қақпақтай, қолы күректей, еңгезердей ер жігіт болып жетіле берді. Сөйтіп ешбір қазақтың табаны тимеген әлемнің 28 елін аралап өнер көрсетіп, өзіне қаратты. Ешбір қазақ тақпаған 56 алтын мен күміс медальді кеудесіне тақты.
Орасан күштің иесі, қазақтың тұңғыш кәсіби палуаны Мұқан Мұңайтпасов 1871 жылы Ақмола облысының Қараөткел деген ауылында дүниеге келген. Ол 6 жасынан бастап әкесі Мұңайтпасқа еріп жалшылықпен күн көрген. Кедейлік, жалшылық қамыты мойнына ерте артылады. Күнкөріс қамымен Қызылжарда бай-татардың үйінде жалданып жұмыс жасайды. Уақыт өте келе жалшылық өмір алып күштің иесіне тым таршылық етеді. Ол үлкен өмірді көргісі келеді. Осындай ізденіс кезеңінде цирк деген сиқыр әлемі туралы естіп, көргенше асығады. Осылайша оның палуандық жолы 1901 жылы басталды. Омбы қаласында жаңадан ашылған циркке барып, сол жерде алғаш рет орыстың кәсіби палуаны И.Злобинмен белдеседі. Қазақ баласының ерен күшін көрген ол Мұқанға Петербургтегі күрес мектебіне түсуге кеңес береді. Сөйтіп Мұқан 1903 жылы оқуға түсіп, 2 жыл оқып бітіріп шығады. Ол алғашқы ірі табысқа 1908 жылы жетті. Германиядағы жарыста шешуші белдесуде неміс палуаны Генрих Веберді жеңіп, бірінші рет әлем чемпионы болады. 1909 жылы Рига қаласында дүние жүзінің атақты палуандары қатысқан үлкен жарыста бас бәйгені жеңіп алады. Африканың Қара батырымен айқасты, Жапонның Саракикиімен белдесті, түріктің Нұрлысымен тіресті, ең мен деген жуан жұдырықтылардың бәрін жықты. Осылайша Стамбұлда түріктің атақты палуаны Нұрлыны жеңгені үшін «қажы» атағы беріліп, «Қажымұқан» атанады. 1927 жылы ҚазАКСР Орталық Атқару комитетінің Президиумы Қ.Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» атағын береді. Ұлы палуан ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында да тағы бір ерлік жасады. Жасының егде тартқанына қарамастан, ел аралап, күш өнерін көрсетіп, жиналған 100 мың сом қаржыға ұшақ жасатып, оған Аманкелді Имановтың есімін бергізіп, майданға жібереді. Қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев осы ұшақпен 120-дан аса жауынгерлік тапсырма орындайды.
Қазақ даласының аты аңызға айналған палуаны өмірінің соңғы жылдарын Темірлан елді мекенінде өткізді. Бүгінде Астана, Алматы, Семей, Шымкент қалаларында Қажымұқан атында көшелер бар.
С.РЫСБАЕВ,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің әдіскері
06 шілде 2021 ж. 2 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031