» » 6 кездесуін 6 минутта жеңіп Олимпиада чемпионы атанған қазақ балуаны

6 кездесуін 6 минутта жеңіп Олимпиада чемпионы атанған қазақ балуаны


Осыдан 40 жыл бұрын Мәскеу Олимпиадасында қазақ балуаны Шәміл Серіков алтыннан алқа таққан еді.
1980 жылдың 24 шілдесінде қазақтың даңқты балуаны Шәміл Серіков классикалық күрес грек-римнен қарсылас шыдатпаған болатын.

Бір қызығы, Мәскеу бозкілемінде 6 кездесу өткізген отандасымыз барлық қарсыласын 6 минутта жеңген.

1.Шәміл бірінші белдесуде бельгиялық Жульен Мевисті 2 минут 28 секундта таза жеңді.
2. Екінші кездесуінде румын Михал Боцилдің 1минут 25 секундта тазаға түсірді.
3. Үшінші сында итальян Антонио Кальтабианоны ұпай санымен жеңді.
4. Төртінші белдесуде чех Иожеф Кристаны 15:3 есебімен ойсырата ұтты.
5. Шәміл бұдан кейін швед Бенни Лунгбекті 2 минут 42 секундта таза жықты.
6. Финал. Шәміл Серіков – Юзеф Липень (Польша) – 11:4.

Айтпақшы, Шәміл Серіков қазақ спортшыларының арасынан грек-рим күресінен шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Сонымен қатар, күрестің осы түрінен екі рет әлемде топ жарған жалғыз қазақ спортшысы.

2013 жылы Шәміл Серіков есімі мәңгілікке халықаралық күрес федерациясының даңқ мұражайында алтын әріппен жазылды. Өкініштісі, балуанымыз дүниеден ерте өтті.


24 шілде 2020 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 905
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 607

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930