» » Көпке қызмет еткен мекеме

Көпке қызмет еткен мекеме

«Мәртебелі болашақ туралы армандай отырып, мерейлі өткенімізді де жадымызда сақтаған абзал» деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, ел тарихын білу еш уақытта артық етпейді.
Елімізде Кеңес Одағы үкіметінің билік құрған тұсында жүргізілген негізгі саясаттың бірі – елді индустрияландыру болды. Осы бағыттың жемісі болған киелі Қармақшы өңірінде сол кезеңдегі ең ірі өндіріс орындарының бірі Жосалы материалдық-техникалық жабдықтау мекемесі болды. Қызылорда облыстық «Қазсельхозтехника» бірлестігінің 1961 жылы 13 мамырда «Қазсельхозтехниканың аймақтық бөлімдерін ұйымдастыру туралы» №1 бұйрығымен аудандық «Қазсельхозтехника» бөлімі болып жұмыс істеді. Кейіннен 1978 жылдың 3 қарашасында аудандық «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігі болып атауы өзгертілді. Аудандық Халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің 1987 жылғы 25 наурыздағы №125 шешімі және Қармақшы аудандық агроөндірістік бірлестігінің 1987 жылғы 19 наурыздағы бұйрығына сәйкес бірлестіктің жанынан дербес өзін-өзі басқаратын шаруашылық есептегі Жосалы жөндеу-техникалық кәсіпорны құрылады.
1989 жылы аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі «Агросервис» кооперативі болса, 1991 жылы аудандық «Агроөнеркәсіптехника» бірлестігі, 1994 жылы аудандық «Агроөнеркәсіптехника» акционерлік қоғамы, 1999 жылдан бастап «Қармақшыагроөнеркәсіптехника» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып атауы өзгерген.
Серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде ауылшаруашылық техникаларын жөндеу және техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстары, құрылыс заттарын, өнімдерін шығару, дайындау және оларды өткізу, өндірістік және тұрғындық үйлерді салу және жөндеу, сауда-делдалдық, сыртқы экономикалық, коммерциялық қызмет түрлерін жүргізген.
Мекемеде Құлманов, Н.Зойков, Ж.Беркімбаев, К.Назарқұлов, М.Қанапиев, Б.Әбжалиев, К.Шамалов, С.Тілеуов, К.Молдабаев, Ә.Досетова, Р.Керейтова, М.Қосаев, Т.Біләлов, М.Баймаханов, А.Жүсіпалиев, Н.Жидебаев, Ж.Тоқтаров, Ә.Омаров, Қ.Баимбетов, С.Сырымбаев, Баетов, А.Пірназаров, Сәниев, М.Тоқтаров, Ә.Алмағанбетов, Б.Төрешов, Б.Жұмабаев, О.Сариев, Е.Досмаханов, Б.Дәнекеров тағы басқа еңбек майталмандары қызмет атқарған.
Жосалы материалдық-техникалық жабдықтау мекемесінің 1995-2010 жылдар аралығындағы тұрақты сақталатын құжаттары мен 1952-2010 жылдар аралығындағы жеке құрам жөніндегі құжаттары архив қорында сақтаулы.
Г.АБИЕВА,
"Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" КММ-нің
аудандық филиалының архивисті

24 ақпан 2021 ж. 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 996

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031