» » «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы Еркін Оразалыұлы Рзалиевтің өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы Еркін Оразалыұлы Рзалиевтің өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

Мен, Еркін Оразалыұлы Рзалиев 1969 жылдың 8 қарашасында Қазалы кентінде дүниеге келдім. 1978 жылы Қазалы кентінде №17 теміржол мектебінде білім алып, 1987-1991 жылдары Шымкент қаласындағы политехникалық техникумда, 2006-2009 жылдары «Қазақ қатынас жолдары» университетінде «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша білім алдым. 1987-1989 жылдары Кеңес әскері қатарында борышымды өтедім. 1991-1993 жылдары Қазалы аудандық тұтынушылар Одағы мекемесінде электрик қызметін атқардым. 1993-1998 жылдар аралығында келісімшарт бойынша Байқоңыр қаласында әскери қызметте болдым. 1998-2011 жылдары ФГУП НПФ «Космотранс» мекемесінде пойыз басшысы, жолсерік резерв басшысы, теміржол жолаушылар тасымалдау қызметі басшысының орынбасары міндетін атқардым. 2011-2019 жылдары ФГУП «ЦЭНКИ» КЦ «Южный» мекемесінде бөлім басшысы, теміржол жолаушылар тасымалдау қызмет басшысының орынбасары болып еңбек еттім. Қазіргі уақытта «СтройСервисЦентр» ЖШС директорымын.
Ұзақ жылғы еңбегімнің нәтижесінде біраз жетістікке де жеттім. «Қазақстан мәслихатына – 20 жыл» мерекелік медалімен, 2005 жылы Федеральдық Космос Агенттігінің, 2014 жылы Көлік және Коммуникациялар Министрлігінің мақтау қағазымен, 2015 және 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, 2018 жылы «Қызылорда қаласына – 200 жыл» мерекелік медалімен, 2019 жылы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің Құрмет грамотасымен марапатталдым.
Қармақшы аудандық V, VI шақырылымдағы мәслихат депутатымын.
Отбасылымын, 3 ұл, 3 немере тәрбиелеп отырмын.

Құрметті партияластар!

Қармақшы ауданынан праймеризге қатысушы үміткер ретінде және өмірлік тәжірибесі мол, ауданымыздың өркендеуіне үлес қосып жүрген азамат ретінде Сіздерге ауданымыздың дамуына арналған сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Қармақшы ауданында мынадай өзекті мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ететін боламын:
– Аудан тұрғындарының әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға арналған бағдарламалардың іс жүзінде орындалуына;
– Көп балалы, тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң мұқтажын тиісті мекемелер арқылы қамқорлыққа алынуын қадағалап отыруға;
– Жұмыссыздықпен күресу үшін жұмыс орындарын ашу, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында несиелендіруге мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге ықпал етуге;
– Білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін бюджеттік қолдау көрсетуге атсалысатын боламын.
Құрметті жерлестер! Сіздерді еліміздің дамуы үшін тікелей жұмыс істейтін «Nur Otan» партиясының Праймеризіне белсене қатысуға шақырамын.
23 қыркүйек 2020 ж. 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 000

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031