» » Үніменен ұлтына үлгі болған

Үніменен ұлтына үлгі болған


Қазақтың маңдайына туа біткен алпауыт дарыны, өз дәуірінің ойшыл ғұламасы, орақ ауыз, өткір тіл, сөз зергері хакім Абайдың дүние есігін ашқанына тура екі ғасыр. Тарих қойнауында сарнап жатқан ұлылық пен тектіліктің иісі аңқып тұратын қазақтың төл перзенті еді ол. Абайға тең келер ешбір жаратылыс болмағанын және болмайтынын табиғаттың өзі мойындап тұрғандай. Себебі Абай бөлек болмысты жан болатын. Адамға ақыл мен парасатты Жаратқанның өзі сайлап беретінін ескерсек, ұлы ақынның оған дәлел екенін ұғамыз. Өз заманындағы қоғамға деген көзқарасын адамның өзінен әрі сипаттауы сол арқылы жақсылық пен ізгі амалдарды көркем суреттеп,өлеңнің құдіретімен құлаққа құйып кетті емес пе? Ол – шын асылдың сынығы, тектінің тұяғы болмаса осылай ауыз толтырып айтып отырар ма едік? Иә, қазақта таңдай қаға тамсанып мақтана алар асылдар көп-ау,бірақ Абай сынды ақын әлі өмірге келе қоймады. Ақын деген абыройлы атты алып жүру кез келгеннің қолынан келетін іс емес. Ақындықпен қоса абыройды алып жүру керек. Ал абыройдың артында елдің мұңы, жердің жыры, әділеттің ақ туы тұрғанын біле бермейді көбісі. Өлең шығару, қисыннан қиыстыру, орайын тауып сөзді кестелеу оңай емес. Ал ақынның адуынды өткір ойы қыннан қылыш суырғандай әлі күнге дейін бізге рухани азық болып келеді. Абайдың өлеңмен соққан, әлі күнге дейін құламаған, қасиетті сөзбен тұрғызған үлкен мұнарасы бар. Ол мұнара міне ғасырлар тоғысында тарихты түлетіп, ақынның киелі жан екенін тағы бір ұқтырды. Ол кетігі табылған дүниенің кірпіші болып қаланды. Сондықтан болар күні бүгінге дейін қайсыбір өлеңді оқысаң оның артында ұлы ақынның өзі қарап тұратындай болады. Абай ақын болып қана қоймай, адам болып біздің жадымызда мәңгі сақтала бермек.
Сен алмассың қалмайтын жарқырамай
Сен өзенсің ақпаған сарқырамай,
Үніңменен ұлтыңа үлгі болған
Жаса мәңгі, жасай бер Хәкім Абай!
Гульзада ЕСМАХАНОВА,
№106 орта мектептің мұғалімі
08 тамыз 2020 ж. 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 996

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031