» » Оққа тосқан кеудені...

Оққа тосқан кеудені...

Екінші дүниежүзілік соғыста атағы алты құрлыққа тараған дивизиялар санаулы еді. Соның бірі – 166-дивизия. «Артемовский Краснознамённый дивизия» деген атауымен тарихта қалған. Мұнда қарша бораған оққа кеудесін тосқан батырлар болды. «Отан үшін, ел үшін, жер үшін!» деп дивизия құрамында алдыңғы шепте айқасқандардың бірі – қармақшылық Жүсіп Қаратаев.

Ел басына туған қиын-қыс¬тау күндерінде еш қаймыққан жоқ. 20 жасқа толар-толмас шағында Ақтөбе фронтындағы қызыл партизандар құрамына ерікті түрде еніп кетті. «Қандыағаш», «Жұрын», «Құдық» станцияларында болған қиян-кескі азамат соғысында өзімен бірге ұрысқа қатысқан бауыры Аяп қаза болды. Туған бауырдан айырылса да оның бойындағы жалын өшкен жоқ, керісінше лау¬лай түсті.
Жүсіп Қаратаев 1917-1919 жылдары Ақтөбе-Қандыағаш қызыл гвардиясында болса, 1920-1921 жылдары Қазалы қаласында әскери қызметін жалғас¬тырды.
– Бұдан соң туған ауылға келеді. Нан табудың қамымен Ташкентке барып, қара жұмыс істейді. Әйткенмен, қазақта «ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деген бар. Тойған жерінде қалып қоюды азаматтық болмысына сын деп, 1926 жылы қайтадан туған елге оралады. Араға бір жыл салып, атақты академик Қаныш Сәтбаев негізін қалаған кеніш – Қарсақбайға апарар жолда қара жұмысшы болып еңбек етті, – дейді келіні Ұлтуаш Қаратаева.
Әскери салада білікті маман болған Жүсіп Қаратаев 1929 жылы милиция қызметіне орналасады. 1930-1935 жылдары бірнеше мәрте қылмыстық топты жойып, қылмысын әшкерелеу¬де көрінген оның еңбегі еленіп, басшылықтан марапаттарға ие болды.
Бұдан соң өмір иірімдері Жүсіп Қаратаевты түрлі жолға салды. 1939 жылдың аяғына дейін Қармақшыдағы Бозарқаш почта бөлімшесін басқарды. 1940 жылы аудандық атқару комитетінің сілтеуімен астық қабылдау қоймасына қабылдаушы болып ауысады. Әйткенмен, ел басындағы қиындық мұнымен бітпепті. Германия мен Кеңес әскері арасындағы қанқұйлы соғыс басталды да кетті.
Майдангер қолжазбасында бұл туралы былай деп жазып қалдырған екен: «1942 жылы 1 октябрь күні Отан соғысына аттандым. Соғысқа әуелі қатысқан жерім – Тарасовка. Одан соң Украинадағы соғыста болдым. Айдар өзенінде Сентябрьск ұрысы өтті. Сонда немістің бір пулеметі мен 7 әскерін жойдым. Соның құрметіне газет бетіне жариялап, «За отвагу» медалін табыстады».
Майдангерлер осылайша Донбасс қаласын немістерден азат етті. Молдованың Терсков, Тешенов қалаларын және Каменов жерін жаулап алады. Жуковтің қол астында соғыста Варшаваны да жау қолынан азат етуге қатысты. Бұл үшін жауынгерге «За взятие Варшавы» медалі табысталды. Германияны аларда Одер өзеніне айлап жатып, көпір салды. Осылайша Берлинге 3 мамырда Кеңес әскері кіріп барды. Атақты Левитанның «Жеңіс! Біз жеңдік!» деген дауысы 8 мамыр¬дың кешінде радиодан естілді!
Әр жерден уралаған әскердің дауысы шығып жатты. Жүсіп Қаратаев та Берлинді алған сарбаздардың қатарында көз алдына көк майсалы туған жері келіп, жанарына жас алып тұрды...
Иә, жеңіс бізге оңай келген жоқ.
Берлинді алуға қатысқан әскерге «За взятие Берлина» медалі табысталды. Майданда көрген қиындықтары және ұрыс¬тағы ерлігі ескеріліп, Жүсіп Қаратаев бұдан бөлек екі мәрте «Еңбек Қызыл ту» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, Кеңес одағының маршалдары Конс¬тантин Рокосовский мен Геор¬гий Жуковтің марапаттарын иеленген. 1965 жылы Жеңістің 20 жылдығында «Қызыл ту» ордені берілді. Мұның бәрі де ел үшін жасалған ерен ерлікке құрмет.
Соғыстан кейінгі елдің қайбір жағдайы бар дейсіз?! Елдегі барды «Бәрі де майдан үшін!», «Бәрі де жеңіс үшін!» деп майдан даласына аттандырғаны тарихтан аян. Кәрі-құртаң, шал-шауқан, жылаған бала, көз жасын төккен келіншек... Бәрі, бәрі соғыстан қайтқан солдаттардың арасынан өз жақынын іздеп мойнын созады. Бірі қуа¬ныштан жыласа, бірінің қайғы-мұңнан етегі жасқа толды.
Жүсіп Қаратаев 1945 жылы елге оралғанда ауылдың пұшайман халі көңіл құлазытты. Баяғы өзі жұмыс істеген астық қоймасының қабылдаушысы ретінде еңбек майданына кірісіп кетті. Әйткенмен, денсаулығына байланысты 1947-1949 жылдар аралығында жұмыстан босаған. 1949-1959 жылдары интернаттың шаруашылық жөніндегі меңгерушісі болып еңбек етті.
Тағдыр дегенді қойсаңшы. Майдангер кенеттен көзінің алдын қараңғылық қоршап, жанары көруден қалды. Талай аурухананың табалдырығын тоздырды. Ірі қалалардан да жанына медет таппады.
Бұл күнде соңында қалған ұрпағы бір қауым елге айналған. Ел үшін шайқаста ұрпақтың қамын жеген майдангерге құрмет те толастамайтыны анық.
Аян СПАНДИЯР
05 мамыр 2020 ж. 1 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 998

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031