» » Қарақұмық пен сұлы, күріш пен зығыр. Қандай ботқа пайдалы?

Қарақұмық пен сұлы, күріш пен зығыр. Қандай ботқа пайдалы?

Ботқа




Ботқаны неге таңертең жеу керек?

Кез келген дәнді дақылдың талшығы болады. Сол талшық көмірсуға бай. Дән ағзаға талшығымен бірге түскенде көмірсу ағзамызға бірден емес, ақырындап сіңеді. Ол күні бойы біздің күш-қуатымызды толықтырып отырады.
Ботқаның дайын әрі тәтті қосылған түрлерін қолданбаған жөн. Неге шоколад, печенье сияқты тәттілерді жегенде қарнымыз тез ашады? Мысалы, ас содасын ыдысқа салып, үстіне ыстық су құйыңыз. Сонда сода бірден еріп кетеді. Тура осы сияқты қант та қанға тез сіңіп кететін болса, ағзадағы қант шектен тыс көбейіп кетеді.

Диетолог ұсынған пайдалы жармалар

Қарақұмық
Мен ең бірінші орынға қарақұмық ботқасын қоямын. Қарақұмықтың құрамында ақуыз бен темір көп. Сонымен қатар қарақұмықтың құрамында цироинизитол бар. Ол қан тамырларын Қорғап, қорғаныс қабатын тудырады.
Ботқаны дайындау процесі өте маңызды. Егер ботқаны сүтке пісіретін болсаңыз, сүт дәннің бар пайдалы микроэлементін өзіне алады. Осы себептен сүт пен дәнді дақыл үйлесім таппайды. Сондықтан ботқаны суға пісіріп, тұзсыз жеген дұрыс.
Тұзсыз ботқа көп адамға ұнамайды. Мұндай жағдайда мөлшерден көп емес тұз қосып, бірақ қантсыз жеңіз. Дәнді буға пісіріп алғаннан кейін ғана сүт қосқан жөн.
Сұлы жармасы
Сұлы жармасынан дайындалатын ботқа пайдасы жөнінен екінші орында. Бір ескеретін жайт – 1-3 минут қайнаған суға салып дайындайтын ботқаны пайдаланбаңыз. Мұндай ботқа бірнеше сұрыптаудан өтіп, оның пайдалы микроэлементтері қалмаған. Сондықтан ол тек көмірсу мен қант түрінде ғана ағзамызға түседі. Нағыз сұлы жармасы 8 минутта піседі.
Сұлыны суға қайнатпай, ыстық суға салып қойып дайындауға болады. Мұндай жолмен дайындалған таңғы ас – ең пайдалысы.
Күріш
Күріштің ағына қарағанда қоңыры пайдалы. Күріштің ботқасын жегіңіз келсе, қоңыр күрішті таңдаңыз. Аппақ күріш жарамайды, оны аптасына бір рет қана жегеніңіз дұрыс.
Зығыр жармасы
Зығыр жармасы – құрамында омега-3 май қышқылы кездесетін жалғыз ботқа. Зығырдың дәмін көбі ұнатпайды, жегісі келмейді. Дегенмен зығыр жармасы теріге, шашқа пайдалы. Иммунитетті қалпына келтіріп, жұқпалы аурулардан қорғайды.
Егер сіздің салмағыңыз өзіңізді қанағаттандырса, ботқаның кез келген түрін жеңіз. Артық салмақтан арыламын, дұрыс тамақтанамын десеңіз, қарақұмық пен сұлыны таңдаңыз. Осы екі жарма сіздің күнделікті рационыңыздан табылса, сымбатты бола түсесіз.

baribar.kz


25 ақпан 2019 ж. 1 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031