» » Диетасыз арықтаудың жолы

Диетасыз арықтаудың жолы

Көптеген ару артық салмақтан арылу үшін әртүрлі диетаны ұстанып, денсаулығын құртып алады. Сол себепті назарларыңызға арықтауға көмектесетін кеңестерді ұсынамыз. 1. Арықтау үшін міндетті түрде диета ұстау керек емес. Бар болғаны салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану керек. Арасында шоколад секілді тәттілерді де жеуге болады. Бірақ шамадан асыруға болмайды. 2. Тамақтану кезінде тоқтай білу керек. Тойғаныңызды сезсеңіз, бірден үстелден тұрып кетуге дағдыланыңыз. Тамақты ысырап етпеу үшін көптеп салмауды әдетке айналдырыңыз. Егер тоймасаңыз, кез келген уақытта тағы салып, жеуіңізге болады. 3. Жасыл көкөністерді жиірек жеу керек. Олардың құрамында жасұнық пен дәрумен мол болғандықтан, ағзаға да пайдалы, арықтауға да көмектеседі. 4. Нан-тоқаш өнімдерін аз-аздан жеу керек. Ақ нанның орнына қара нанды алуға дағдыланыңыз. Ол адамды семіртпейді. 5. Тағам мәзіріне сорпа мен салатты қосу керек. Олар жеңіл тағамға жататындықтан, тез қорытылады. Құрамындағы калория саны аз болғанына қарамастан өте тойымды. 6. Күніне 2 литр су ішу керектігін ұмытпаңыз. Ол ас қорыту жүйесін қалыпта ұстап, артық қоқыс, шлактарды ағзадан шығарады. 7. Күніне үш мезгіл емес, 5-6 рет аз-аздан тамақтанған дұрыс. 8. Тамақты тек ас үйде ішу керек. Компьютер немесе теледидар алдында ішетін болсаңыз көп жеп қоюыңыз мүмкін. 9. «Тойға барсаң, тойып бар» демекші кешке бір шараға баруды жоспарласаңыз, оның алдында жаңғақ немесе табиғи йогуртпен жүрек жалғап алғаныңыз жөн. Үстелдің үстінде тұрған тағамның бәрінен дәм татып көремін деп, көп жеп қоймаңыз. 10. Күнде шырын ішпеген жөн. Олардың құрамында қант тым көп болғандықтан, артық салмақ жинауға септігін тигізеді.

25 маусым 2018 ж. 1 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031