Судың көмегімен арықтау
Адам ағзасының 70%-ы судан құралған. Сондықтан ағзасына су өте қажет. Ал қажеттілікті өтеу үшін су ішсе, жеткілікті. Күнделікті қанша су ішетініңіз туралы ойланып көріңізші. Су деп кез келген сұйықтықты айтып отырмыз. Суды ағзаның қызметі бұзылмау үшін ғана емес, артық салмақтан арылу үшін де ішеді. Олай болса, кезекті материалымызда судың көмегімен қалай арықтауға болатындығын талдайық.
Судың көмегімен арықтауға көмектесетін ережелер
1. Артық салмақтан арылу үшін тамақ алдында 20 минут бұрын бір стақан су ішу керек. Қарнымыз ашып әрі қатты шөлдеп тұрған кезде бірінші су ішсек, артынша тамақ жей алмай қаламыз. Себебі су тойымдылық сезімін сыйлайды.
2. Үнемі су ішіп тұру керек. Мысалы, күні бойы компьютердің алдында отыратын болсаңыз, әр 10-15 минут сайын су ішіп тұрғаныңыз жөн. Осылайша қарныңыздың расымен де ашқан, ашпағанын біле аласыз.
3. Судың жылылығы бөлме температурасымен бірдей болғаны жөн. Суық су ішкен соң тамақ ішкіміз келеді. Ол қарнымызды аштырады.
4. Дүкенде сатылатын пластик бөтелкедегі суды ішудің қажеті жоқ. Су таза, газсыз болуы тиіс. Газдалған сусынның құрамындағы тұз арықтауға кедергі жасайды.
5. Суды тамақпен бірге емес, оған дейін және кейін ішкен жөн. Тамаққа дейін 20 минут бұрын, тамақтан кейін 1-2 сағаттан кейін ішу керек.
6. Қарныңыз ашса, жарты стақан су ішіп алыңыз. Шөліңізді қандырасыз әрі қарныңызды тойдырасыз. Егер жарты сағаттан кейін де қарныңыз ашса, тамақ ішіңіз.
7. Барлық диетолог маман күніне 2 литр су ішуге кеңес береді. Алайда әр адамда судың қажеттілік мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, арықтағысы келген жас қыз үшін 1-1,5 литр судың өзі жеткілікті болуы мүмкін.
8. Судың көмегімен арықтағыңыз келсе, майлы, ұнды, тәтті тағамдардан бас тартыңыз. Себебі олар арықтау процессіне кедергі жасайды.
Пікір 2